Жас ұрпақ тәрбиесіне сергек көңілмен қарау керек
Жастар арасындағы қылмыстың алдын алу үшін көптеген іс шаралар атқарылуда. Жергілікті атқарушы билік пен ішкі істер органдарының біріккен алдын алу шараларының арқасында қазіргі таңда бұл қауіпке тосқауыл қойылуда. Жыл басынан бері жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, Шымкент қалалық ішкі істер департаменті және оның қала, аудандардағы құрылымдарымен мақсатты жедел-профилактикалық іс-шара өткізілген. Атқарылған іс-шаралар нәтижесінде жастар арасындағы қылмыстар саны едәуір төмендеген. Жыл басынан бері Шымкент қаласының мектептеріндегі жоғары сынып оқушыларымен төменгі сынып оқушыларына әлімжеттік жасау және ақша жинау фактілері орын алмаған. Рас, тәрбиесіз, талғаусыз берілген білім мен рухани қуаты жоқ дүниенің болашағы қашанда бұлыңғыр. «Баланы жастан...» деген тағылымды сөз қалдырған ата-бабаларымыз бұрын иманнан безген, өз ортасында бүлік шығарғандарды бір-ақ ауыз сөзбен тоқтатып, тентегін тезге салып отырған. Сол қазақы тәрбиенің тізгінін босатпау – бүгінгі әрбір ата-анаға, әрбір отбасыға үлкен сын. Жас ұрпақ тәрбиесіне сергек көңілмен, биік талғаммен қарасақ қана, көңілімізді қауіп билемесі анық.
Жас ұрпақ тәрбиесіне сергек көңілмен қарау керек
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode