Тағылымды тәрбие боларлық талай тың дүниелерді ұсынып жүр

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Тағылымды тәрбие боларлық талай тың дүниелерді ұсынып жүр

Шымкент  қалалық Әдет ғұрып және салт дәстүр орталығы жастарға тағылымды тәрбие боларлық талай тың дүниелерді ұсынып жүр. Ұлттық салт дәстүр мен ұлттық тағамдарымызды да насихаттауда. Мұндай дүниелер отбасы құндылығын насихаттап, туыстық қарым қатынасты нығайтуға да септігін тигізеді дейді орталық мамандары. Ұмытылып бара жатқан ұлттық тағамдардың бірі – өрметөс.  Өрметөс - күйеу бала қонаққа келгенде ұсынылатын тағам. Қазір қой сойғанда оның ішек-құрылысын тастай салады. Олардың өте пайдалы екенін ескере бермейді. Өрметөс – қой төсінен жасалатын тағам. Оны екіге айырып, екі шетін өру арқылы құс қанатына ұқсас қылып жасайды. Бұл күйеу балаға “қанатың талмасын!” деген тілектестікті білдіреді. Қазақтың ұлттық тағамдарын өзге елге танытсақ, сұранысқа ие болтыны - сөзсіз. Алайда, бұндай ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрлеріміз бен ұлттық тағамдарымыз өте көп. Дәстүрлерімізді жандандыра жас ұрпаққа мұра қалдырудың іргетасы. Одан өзге өрметөс ерекше түрде дастарханға сән келтіріп тұрады. Сонымен қатар, өрметөсті өру әр адамның қолынан келе бермейді. Өз ісінің маманы, қолынан бал тамған, нағыз аспаз адам дайындауы тиіс. Өрметөстің дайындауға арналған өзіндік ережелері бар. Өрметөс дайындау сырын үйреніп, оны өзгелерге тәнті ету - өте тиімді.