Жеткіншектерден жауап алынады

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Жеткіншектерден жауап алынады

Шымкент қалалық білім бөлімі, Жалпы орта білім беру және тәрбие жұмысын дамыту секторының бас маманы Сәуле Сапарбекованың
мәлімдеуінше, қазіргі таңда қала әкімдігі мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері бірігіп, түнгі уақытта қаланы аралап тұрақты рейдке шығады. Нәтижесінде көшеде жүрген жеткіншектерден жауап алынады, ата-аналарын да шақыртады. «Біз бұл орайда орын алған кемшіліктер бойынша педкеңесте талқылап, жедел шаралар қабылдаймыз. Жалпы, жас жеткіншектердің тәрбиесіне ата-ана мен мектеп мұғалімдері ғана жауапты емес. Бұған қоғам болып атсалысуымыз қажет», – дейді маман. Ал, әлеуметтанушы Жаннұр Әлібекқызы қоғамдық дертке айналып отырған бұл кеселдің тамыры қайдан шығып жатқанына назар аударып, заң шеңберінде талапты күшейту керектігін айтады. «Ауруын жасырған өледі» демекші, бұл мәселеде талқыланатын тақырыптар көп. Себебі, бесіктен белі енді шыққан кейбір бозбалалар жауыздықтың неше түрін меңгеріп жатыр, адамды қой құрлы көрмей ата салатын жеткіншектер де солардың ішінен шығуда. Кім кінәлі? Бұл сұраққа жауап іздесек әйтеуір кінәлінің табылары анық. Үйдегі ата-ана мектептегі ұстаздарды, ал мұғалім үй ішіндегі жағдайды немесе баланың өзін кінәлай салады. Ал шындығында қоғамдық дертке айналып отырған мәселенің тамыры қайдан шығып жатқанына, балалардың не себепті қылмыс жасағанына бас қатырып жатпайтын секілді», – дейді әлеуметтанушы. Жастар арасындағы қылмыстың алдын алу үшін атқарылар шаруалар әлі де көп.