Тағылымды бағдарламаларды көбейту қажет

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Тағылымды бағдарламаларды көбейту қажет

 

қалалық “Жастар орталығының” ұйымдастыруымен Əдет-ғұрып жəне салт-дəстүр орталығының мамандары «Оңтүстік» арнасында "Жастар Онлайн" бағдарламасында қонақта болды. Басты мəселе - қазіргі жастарымыз салт-дəстүрді меңгеріп, күнделікті тұрмыс тіршілікте қаншалықты деңгейде қолданып жүргендігі, отбасы құндылығын қаншалықты түйсінетіндігі туралы сөз болды. Жастарға тағылымды тәрбие боларлық мұндай бағдарламалардың ертеңгі болашағымызға берері көп. Әсіресе батыстық мәдениетке бет бұруға бейіл жастарымызды ұлттық дәстүр арқылы ғана бетін бері бұра аламыз дейді мамандар. Ол үшін осындай тағылымды бағдарламаларды көбейту қажет.