Кәсіпкер ханымдар қайырымдылық жасаудан алда
Шымкент қаласының кәсіпкерлері коронавируспен күрес шараларына өз үлестерін қосып отыр. Жомарт жандар «Шымкент – қайырымды қала» әлеуметтік-қайырымдық қорына бүгінге дейін 100 млн. теңгеден астам қаржы бөлген. Бұл қаржыға 5 дана өкпені жасанды желдету (ИВЛ) аппараты алынған. Құралдардың төртеуі жаңа жұқпалы ауруханаға, біреуі кардиологиялық орталыққа орнатылған. Бүгінде осы мақсатқа жұмсалған қаржы көлемі 90 млн. теңгені құрайды. Көмек қолын созғандардың қатарында бизнес ханымдар да баршылық. Олар бүгінгідей кезеңде көмекке мұқтаж жандарға барынша қолдау білдіруіміз қажет деп санайды. Гендерлік саясаттың гүлдері қай істе болмасын алда.
Қызметтік борышын өтеу барысында қаза болған дәрігерлердің отбасына да «Шымкент қайырымды қала» қоры тарапынан қаржылай қолдау көрсетілді. Күні бүгінге дейін қордың көмегімен қосымша ашылған провизорлық орталықтардағы төсек-орынға арналған 30 кереует пен 2400 литр минералды су алынған. Алдағы аптада 10 мың бетперде мен 1000 дана медициналық киім тарату жоспарланып отыр.
Айта кетсек, «Шымкент – қайырымды қала» қорының негізгі мақсаты – әлеуметтік, мәдени, ғылыми, спорттық, білім беру мақсаттарына қол жеткізу, азаматтардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, сонымен қатар басқа да әлеуметтік пайдалы мәселелер. Бұл қор коронавирустық инфекциямен күресте үлкен әлеуметтік көмек көрсетіп келеді.
Кәсіпкер ханымдар қайырымдылық жасаудан алда
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode