Білікті басшы

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Білікті басшы

Шымкенттік шенеунік ханымдар халыққа қалтқысыз қызмет етіп келеді. Телеарналар мен басылым беттерінен жиі көрінбесе де олардың еңбегі айтулы. Ауыр саланың жүгін арқалап күні түні тынбай еңбек етіп жүрген жандардың бірі - Ләззат Қашқынбаева. Шымкент қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары болып қызмет атқаратын нәзікжанды ұзақ жылдар бойы осы саланың жілігін шағып, майын ішкен нағыз майталман маман. Талай шәкірт  тәрбиелеп, қанатын қатайтты. Таяқтың ұшы жиі тиетін ауыр саланың жүгін арқалау да оңай емес. Нәзік иығымен осы саланың жандануына тер төгуде. Ләззат Рысымбекқызы жас мамандардың нағыз бесаспап маман болып шығуына көп септігінін тигізеді. Гендерлік саясаттың арқасында талай бұрымдылар биліктің де, үйдің де жұмысын қатар алып жүре алады деп санайды білікті басшы.