Табысты жүзеге асыратынына сенім мол

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Табысты жүзеге асыратынына сенім мол

Шымкент қаласында «Бизнеске арналған Үкімет- Shymkent INVEST» кеңсесі жаңа форматта кәсіпкерлерге қызмет көрсетуде. Бұл жоба кәсіпкерлерге бір көзден орталықтандырылған мемлекеттік және сервистік қызметтерді жедел алуға көмектеседі. Мұнда нишалық жобаларды сүйемелдеу, жеңілдетілген 1% несие беру, «1000 сауда орны» бағдарламасы бойынша жер учаскелерін алу және қаржы секторы, тауарды жылжыту, инвестиция, цифрлық, құқықтық, компетенция және мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Осылайша, кәсіпкерлер мен инвесторлар үшін бірыңғай хаб құрылады. Сонымен қатар, мұнда бастауыш кәсіпкерлерге «Бизнес-мектеп», «Бастау-бизнес» оқыту бағдарламалары бойынша кәсіпкерліктің негізі оқытылады.

Шымкентте «Егістіктен дүкен сөресіне дейін» пилоттық жобалары іске қосылатын болады. Бұл ретте  шаруалармен өндірілетін тауарларды өткізу нарығының бірден бір нүктесі Шымкент қаласы болып табылмақ. Ауылшаруашылық өнімдерін Шымкент қаласында қайта өңдеп, фасовка және упаковка жасау арқылы тамақ өнеркәсібін дамытуға мүмкіндік бар. Бұл өз кезегінде әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыруға, өзіндік қосалқы шаруашылықтың (ЛПХ) көлеңкелі экономикадан шығуына және қосымша жұмыс орындарын ашуға ықпал етеді. Осы орайда, кәсіпкер әйелдер дәл осы бағытта көптеп тер төкпек. Өйткені Шымкенттің шетіндегі шаруашылықтарды, жылыжайларды басқарып отырған нәзікжанды кәсіпкерлер көп. Олар аталған бағытты табысты жүзеге асыратынына сенім мол. Гендерлік саясаттың арқасында бүгінде кәсіпкер әйелдер қатары артып келе жатқаны белгілі. Олар қай саланы болмасын гүлдендіріп әкетері сөзсіз.