Бұрымдылардың ниеті жоғары
Шымкент қаласында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының 1-ші бағыты тиімді жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда техникалық және кәсіптік білім беру және қысқа мерзімді кәсіптік оқыту шараларына қатысуға 2000 адам өтініш білдіріп, олар еңбек нарығында сұранысқа 21 мамандық бойынша білімдерін жетілдіруде. Жалпы, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуларды қаламыздағы 32 білім беру мекемесі жүзеге асыруда. Кәсіпкерлік негіздерін оқуға ниеттілердің дені нәзікжандылар. Қандай да бір кәсіп бастап соны ары қарай өрістетуге деген ниеттері басым. Гендерлік саясаттың арқасында кез-келген саланы игеруге деген бұрымдылардың ниеті жоғары.
Бұрымдылардың ниеті жоғары
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode