Аналар кеңесінің атқарған жұмысы ауқымды
Отан – отбасыдан басталады. Ал сол шаңырақтың берік болуы отбасылық құндылықтарға, тәлім - тәрбиеге байланысты. Осы орайда Шымкенттегі 4 ауданда да аналар кеңесі құрылған болатын. Оның құрамына тәжірибелі ұстаздар, көпбалалы аналар, кәсіпкерлер кірді. Аталған ұйымның бүгінде атқарған жұмысы аз емес. Түрлі семинарлар, онлайн сабақтар өткізілуде. Онда отбасылық мәселелерді тиімді шешуде ұтымды ұсыныстар айтылды. Мақсаты сол - отбасылық құндылықттарды арттыру, ұлттық салт - дәстүрлерді сақтау, тұрмыстық – зорлық зомбылықтардың алдын алу. Ел тірегі - үлгілі отбасы. Аналар кеңесінің жұмысы татулығы мен бірлігі жарасқан жан ұлялардың санын көбейтуге бағытталған. Осы орайда жас отбасылармен жиі іс - шаралар өтіп тұрады. Ерлі- зайыптылар да оған белсене қатысуда. Отбасының берекесін арттыратын – әйел. Сондықтан аналар кеңесі отбасының ұйытқысы болашақ ана - қыздардың тәрбиесіне көп көңіл аударуды мақсат етеді. Аналар кеңесінің жұмысын жоғары деп бағалауға болады. Жанұядағы жанжалдың алдын алуда биыл ашық дәріс сабақтарын өткізілмек. Жалпы, мұндай кеңестердің көмегіне ер кісілерге қарағанда көбінесе, қыз-келіншектер жүгінеді екен.
Аналар кеңесінің атқарған жұмысы ауқымды
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode