Пайдасы мол жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Пайдасы мол жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр

 

Отбасы – болашақ азаматтың әлеуметтену жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы ұя. Ол балаға моральдық қалпы туралы алғашқы түсініктер береді, оны еңбекке баулып, өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады. Ата-ананың іс-әрекеті мен мінез-құлқы, өмір сүру салты арқылы балаға дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік-саяси құндылықтар беріледі. Осылайша отбасылық құндылықтар қалыптасады.

Осыған орай, Шымкенттегі орта арнаулы оқу орындарында  «Жастарды отбасылық өмірге дайындау» жобасын жүзеге асыру жоспарланып отыр. Оның мақсаты – жастарды отбасылық өмірге психологиялық тұрғыдан дайындау және отбасылық құндылықтарды насихаттау.

Балалардың отбасындағы тәрбиесі, отбасы мүшелері арасындағы өзара қатынастардың қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін адамдардың жақындығы, туыстық қатынастар, өзара тұрмыстық байланыс жайлы айтылмақ. Отбасы тәрбиесінің артықшылығы да осы қатынастарда, оны тәрбиенің ешқандай да түрі алмастыра алмайтыны белгілі.