Орта арнаулы оқу орындарында клубтар ашылған

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Орта арнаулы оқу орындарында клубтар ашылған

 

«Отан – отбасынан басталады» демекші балаларымыз болашақта  аяулы ана, жақсы жар болуы үшін олардың санасына отбасылық құндылықтарды, дәстүрлерді сәби жасынан сіңіруіміз керек. Мұның барлығы үйдегі әйел мен ер, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасқа байланысты. Өтіп жатқан дөңгелек үстелдің де ең басты мақсаты мына отырған жастарға отбасы мәртебесін көтеру және некенің жағымды үлгісін түсіндіру болып табылады.

Қазіргі уақытта көптеген жас қыздар жұмыс мансабымен жоғарылаймын деп жанұя құру, ана атану керектігі туралы  ұмытып жатады. Осындай жағдайлар көп болмау үшін қыз балалармен жұмыс жүргізу қажет.  Бұл ретте Шымкенттегі колледждерде арнайы клуб  ашылған. Клубқа колледже студенттері мүше болып табылады.  Қыз ол келешек ата-ана, келер ұрпақтың басты тәрбиешісі болып табылады. Сондықтан осы қыз баланың тәрбиесі ол ұрпақ тәрбиесі үшін ең маңызды болып табылады.

Қазақ халқы жанұяға үлкен мән берген. Елдің көркейіп, өсіп дамуы негізінен отбасына байланысты. Осыған орай елімізде отбасының мәртебесін қоғамда көтеру, тату әрі берік шаңырақтарды көбейту мақсатында  отбасы күні мерекесі тойланып, «Мерейлі отбасы» секілді байқаулар өткізіліп келеді.