Отбасы тәрбиесі – жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі
Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Ата-бабаларымыздан мирас болып қалған көптеген отбасылық әдет-ғұрып, салт, өзіндік дәстүрлер бар. Тал бесіктен тәрбие дұрыс берілсе,өскелең ұрпақ аталған салт пен сананы, дәстүр мен ғұрыпты өз жолынан жаңылыстырмай, темірқазықтай ұстанары хақ. Ал бүгінгі жаңашыл заманауи кезеңде аталмыш дүниелерді насихаттау кез-келген отбасының алдында тұрған парыз бен қарыз деп білу керек.Отбасы құндылықтарын насихаттаудың қазіргі кезде маңызы өте зор. Отбасы бойына ұлттық құндылықтарды және жалпы адамзаттық құндылық қасиеттерді қалыптастыру үшін ұлттық мәдениет, сал - дәстүр, халық тағылымдары және т.б. мәселелерінетоқталыпөткенімізжөн.Қазақ мәдениеті – ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениет. Ол ұлттық тәлім-тәрбиенің негізінде дамып, қалыптасты. Жалпы адамзаттық құндылық қасиеттер ұлттық тәрбиемен ұлттық мәдениеттің дамуындағы қозғауышы күші болып табылады. Әрбір халықтың тарихы тіршілігі мен рухани тәжірибесі бар. Халықтың тұрмыс – тіршілігіндегі рухани тәжірибелері арқылы қалыптасқан тәрбиелік және дүниетанымдық көзқарастарын біз халық педагогикасы дейміз. Халық педагогикасы – халық мәдени мұрасы. Халық педагогикасы сол халықтың (ұлттың) этностық ерекшеліктеріне байланысты дамып, қалыптасқан.
Жанар Әбікенова
«Өзін өзі тану» пәнінің мұғалімі,
Шымкент
Отбасы тәрбиесі – жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode