Жас отбасыларға қолдау білдіру керек

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Жас отбасыларға қолдау білдіру керек

 

Отбасы, бала, отбасылық құндылықтар мен дәстүрлер біздің қоғамның және біздің мәдениеттің әрдайым негізі болды және болып қалады. Бізге көптеген отбасыларында бар ізгі дәстүрлер мен әдет-ғұрыпты сақтап, оларды насихаттап, жас отбасыларға қолдау білдіру керек. Мемлекет бұл үшін көп іс атқарып отыр. Сонымен қатар ата-аналардың өздері де бұған қамқорлық көрсетуі керек. Ал, ұлттық тәрбие мен жалпы адамзаттық құндылық қасиеттерінің мәселесі – адамзат тарихынан өн - бойына ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат. Бұл адамзаттың өркениеттің өзгеше биігіне көтерілген, үшінші мыңжылдыққа қадам басқан кезеңінде де жас мемлекетіміз үшін рухани асыл мұрат болып Қазақстандық патриотизм, азаматтық парыз, тұлға бойындағы ұлттық құндылықтар мен ар тазалығы және жалпы адамзаттық қасиеттерді жатқызамыз. Отбасылық құндылықтарды насихаттап, отбасы бейнесі мен некені, көп балалық өнегелерін құрмет тұтқызу керек. Үлгілі отбасы нормасы көпбалалылық болуы тиіс деп санаймын. Барлық халықтардағасырлар бойы солай болып келген. Адамның байлығы балаларының саныменөлшенген» – деп ғасырларбойы жинақталып, ата-баба тарихынан бізге жеткен отбасы тәрбиесінің мол мұраларын болашақ ұрпақты тәрбиелеуге пайдалану заман талабы деп қабылдай отырып, отбасылық құндылықтардың өзіндік ерекшеліктері мен бүгінгі ұрпақсанасына жеткен әсерін және пікір сабақтастығын жан-жақты жүйелі зерттеу өзекті мәселелердің бірі. Жоғарыда айтылған жағдайдың алдын алу үшін және құндылықтарын насихаттау және қалыптастыру үшін ең алдымен балаға осы құндылықтардың қадірі мен қасиетін түсіндіріп қана қоймай, күнделікті өмірде көріп сабақ алатындай өзіміз де ұстана білгеніміз жөн. Отбасының құндылығы ең алдымен оның әр бір мүшесі екенін ескерсек, оларды құрметтеу қадірлеу арқылы үлкенге қамқор кішіге ізет дегенді үйретеміз, яғни адамгершілік қалыптастырамыз.

Бахытгүл Әбіш

Психолог, Шымкент қаласы