Нәзікжандыларға қатысты саясаттың жемісі
Ел экономикасындағы нәзік жандылардың үлесі 67 пайызды құрайды. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, Шымкент тұрғындарының 52 пайызы әйелдер. Шымкент қаласындағы кәсіпкер әйелдер жалпы бизнестің 42 пайызын басқарады. Сонымен қатар, кәсіпкер әйелдердің басым бөлігі жеңіл өнеркәсіп, сауда және қызмет көрсету саласында жұмыс істейді. Шымкент қалалық кәсіпкер әйелдер кеңесінің төрайымы Алма Архабаева жеке кәсіпкерлердің көп бөлігі әлі үлкен өндіріс саласына аяқ баспағанын атап өтті. «Бастау Бизнес» жобасы аясында екі мыңға жуық қыздар мен әйелдер «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша оқудан өтті. Олардың 80 пайызы грант алды, бұл шамамен 1500 әйел кәсіпкерлер. Бірақ мұның бәрі өзін-өзі жұмыспен қамтыған санаттағылар. Біз оларды кооперативтерге біріктіруге бастамашы болдық. Бұл үйде тәтті нан пісіріп сататындарға, сұлулық индустриясында қызмет көрсететіндерге қатысты». Архабаева сонымен қатар жаңадан бастаушы кәсіпкерлердің басты проблемалары қаржыландыру және қаржы білімнің жоқтығы екендігін айтады. «Кәсіпкерлік саласына ханымдар үлкен дайындықпен келуі тиіс. Қаржылық сауатты болуы керек. Олар қаржылық қолдауды қайдан алуға болатынын білмейді, бірақ бүгінде бизнесті қаржыландырудың көптеген құралдары бар, әрбір үшінші банк әйелдер кәсіпкерлігін қолдау құралдарымен жұмыс істейді. Әрине, тәжірибе мен дағдылардың жетілдіру үшін көптеген көмектер берілуде. Кәсіпкерлерді оқыту курстары көмекке келеді. Соның арқасында жетістікке жеткендері көп» дейді А.Архабаева. Әрине кәсіпкер әйелдер қатарының көбейіп келе жатқаны гендерлік саясаттың арқасы. Алдағы уақытта бизнестің биігін бағындыратын да, билікте жетістікке жететін ханымдар да көбейері сөзсіз. Мұның барлығы да нәзікжандыларға қатысты саясаттың жемісі.
Нәзікжандыларға қатысты саясаттың жемісі
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode