Ұлт болып ұйысудың негізі

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Ұлт болып ұйысудың негізі

Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы­­ның кепілі. Әр бала ата-анаынан келетін туабітті қа­сиеттер сияқты ұлттық рухани құн­дылықтарды да ең алдымен отбасында сіңіретіні анық. Ұлттық тәрбие – ұлт болып ұйысудың, ел болып ертеңге нық қадам басудың негізі болмақ.  Бүгінгі таңда қазақ қоғамында отбасы құндылықтарын құлдырауға ұшыратпай биік деңгейге көтеру үшін түрлі бағдарламалар, соған орай түрлі іс-шаралар қолға алынуда.  Бұл шаралардың басым бөлігі отба­сы құндылықтарын құрметтеуге, ұлттық тәрбиенің қайнарынан қанып ішуге бағытталуы тиіс. Сондай-ақ, жас отбасыларға кәсіби деңгейде пси­хо­логиялық кеңес беріп, көмек көрсете алатын орталықтардың санын көбейтіп, сапасын көтеруге бағыттау қажеттілігі туындап отыр. Әдетте отбасылық түсініспеушілікке ұрынған жұптар психолог мамандардың көмегіне жү­гіне бермейді. От­басы­лық психологиялық кеңес қыз­ме­ттерінің беделін көтеріп, абы­р­ойын арттыруға бағытталған кешен­ді үгіт-насихат іс шаралары да аса қажет. Отбасылық саясатты қалып­тас­тыруда атқарылатын шаруалар шаш етектен. Отбасылық құндылықтарды насихаттау және көп балалы отбасыларды ынталандыру бағытындағы жәрдемақы түрлерін әр кезеңнің талабына сай жетілдіріп отыру маңыз­ды мәселе.

Бақытгүл Қалыбаева, психолог, Шымкент