Арыс ауылының тұрғыны Мусанов Бахтияр Сембекович 1988 жылы туылған, Аз қамтылған отбасы. 2021 жылдың қыркүйек айында “Бастау бизнес” жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқып сертификат алған.
«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған» бағдарламасы арқылы қайтарымсыз мемлекеттік грантқа «Пластик, алюминий есік-терезе жасау цехын» ашу үшін өтініш білдірген. Көп ұзамай арнайы есеп-шотына түскен қаржыға кәсібіне қажетті құрал-жабдықтарды сатып алып іс бастап кетеді.
Қазіргі таңда Мусанов Бахтияр жеке кәсіпкерлігін ашып, өз жұмысын дөңгелетіп отыр.
-Қазір кәсіп бастаймын немесе кәсібімді ұлғайтамын дегендерге мемлекет тарапынан түрлі жағдайлар жасалынып жатыр. Қайтарымсыз мемлекеттік грант соның бір дәлелі. Бұл шағын іс бастауға қаражаты жоқтарға немесе қаражаты жетпеген белгілі бір санаттағы азаматтарға үлкен көмек. Мысалы мен қолымнан келетін кәсібімді мемлекеттің осынау көмегі арқылы бастағаныма өте қуаныштымын. Бұл берекенің бастауы болса керек - дейді грант иегері.
Айта кету керек, мемлекеттік қайтарымсыз гранттың бірінші легіне 16 өтінім келіп түскен (онлайн). Нәтижесінде комиссияның қаралымына 16-сы жіберілген. Комиссия тарапынан 9-ның бизнес-жоспарлары мақұлданып,7-і кері қайтарылған.