13 адамға шағын несие алуға жолдама берілді

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times
Партия сайлауалды бағдарлама аясында нәтижелі жұмыс жасауды басты бағыт етіп келеді. Онда тұрғындардың лайықты өмір сүруі үшін барлық салаларды дамыту арқылы, күрмеуі қиын мәселелердің шешілу жолдары бойынша нақты міндеттер бекітілді. Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты – өңірдің әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуының көрсеткіші болып табылады. «AMANAT» партиясы Созақ ауданы бойынша «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының негізінде жасалған жол картасының «Экономикалық тұрақты аймақ» бағытында 1,3 -19 индикаторы бойынша «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» аясында жыл сайын жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған 250-ге жуық азаматтарға 5 стартап гранттар мен 70 жоба бойынша несие алуына жағдай жасау (мал шаруашылығына, балық, құсөсіруге, кәсібін кеңейтуге) үшін, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» аясында 13 адамға шағын несие алуға жолдама берілді. Сонымен қатар жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыруға арналған мемлекеттік грантқа 2022 жылы ұлттық жоба шеңберінде 70 азаматқа жаңа бизнес идеяларды іске асыруға 400 АЕК (1 225 200 тенге) мөлшерінде қайтарымсыз грант беру жоспарланып, 2022 жылдың 1 маусымына дейін 5 адамға қайтарымсыз грант берілді. Сонымен қатар, 2022 жылы 836 жалпы жаңа жұмыс орындары ашылу жоспарланса, 1 маусымына1180 жаңа жұмыс орыны(472 тұрақты жаңа жұмыс орны – шағын және орта бизнеспен айналысушы кәсіпкерлер арқылы, 708 уақытша жаңа жұмыс орны – 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы арқылы) ашылып, оның ішінде Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы тұрақты жаңа жұмыс орындарына 152 адам қамту жоспарланса, жұмыспен қамту орталығы арқылы жолданғаны 73 адам(орман шаруашылығына – 15 адам, Қарақұр а/о клубына – 9 адам, Шолаққорған а/о қарауылдар – 13 адам, 36 адам қосымша ашылған жаңа жұмыс орындарына) жолданды, жоспар 48 пайызды құрап отыр. Сайлауалды бағдарлама аясында өңірімізде 2025 жылға дейін көптеген әлеуметтік және мәдени жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда.