«БІР АУЫЛ, БІР ӨНІМ». ҚОЛЫНАН ІС КЕЛЕТІН КӘСІПКЕР ХАНЫМДАР ОРТАҒА ОЙ ҚОСТЫ

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times
Түркістан облысы, Қазығұрт ауданында "Бір ауыл, бір өнім" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Түркістан облыстық мәслихат депутаты Г.Тәжібаева, іскер әйелдер кеңесінің төрайымы С.Төлегенова және Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының менторы Сәуле Мұсаева тағы басқа кәсіпкер әйелдер қатысты. Мақсаты - ауылдағы өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған кәсіпкер әйелдердің әлеуетін көтеру. Жиында Түркістан облыстық мәслихат депутаты Гүлбахира Тәжібаева бірқатар кәсіп түрлерін таныстырды, атап айтқанда тігіншілікті қолға алып цех ашуға, заманауи киім үлгілерін тігіп жергілікті тұрғындарды қамтамасыз етуге болатынын айтты. Сонымен қатар кәсіпкер әйелдерге Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының менторы Сәуле Мұсаева орталықтың қызметтерімен таныстырды.