Кәсіпкерлер көбеюі немесе кеңеюі керек

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times
Жеке кәсіпкер «Ұлдан» төрайымы Нұрманова Ұлдан Әбілдақызы өз кәсібін дамыту, кеңейту мақсатында Кәсіпкерлер палатасының Мақтаарал аудандық филиалына келіп мамандар кеңесіне жүгініп Бастау бизнес түлектеріне арналған Түркістан-Атамекен микроқаржы ұйымына жеңілдетілген несиеге қол жеткізу мақсатында құжаттарына сүйемелдеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде «ЖК Ұлдан» ханымның көптен күткен сәті жетіп наубайханасын дамытуға айналым қаражатын толықтыруға қол жеткізді. Ұлдан ханым «Еңбегіне қарай өнбегі» деп қазіргі таңда еңбегінің жемісін көп отырғандығын жеткізді. Кәсіпкер ханым өзіне дұрыс бағыт көрсетіп, сүйемелдеу жұмыстарын жүргізіп, кәсібінің дөңгелеуіне себепші болған Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасына және Кәсіпкерлер палатасының Мақтаарал аудандық филиалы мамандарына өз алғысын білдірді. Түркістан облысы, Ордабасы ауданы Темірлан елді мекенінде орналасқан «Аяулы Алақан» тігін цехы өңіріміздегі тігін цехтардың арасында алдыңғы қатардағы тізімге еніп отыр. Мекеме басшысы Ертай Елтайұлының айтуынша, — 2020 жылы Түркістан облысы Атамекен кәсіпкерлер палатасынан индустриалды сертификат алғаннан бастап, мемлекеттік сатып алу порталы арқылы тендерлерге қатысып, цехтың тоқтамай тұрақты түрде жұмыс жасауына жол ашылған. Қазіргі таңда тапсырыстар толассыз келуіне байланысты цехтың алаңын кеңейтіп қосымша ғимарат салынған. Өндіріс былтырғыға қарағанда 25 пайызға өсті. Нәтижесінде аудан тұрғындарынан 24 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Шикізаттың 85 пайызы шетелден алынады, атап айтқанда — мата үлгілері, жіп, т.б. Қытайдан, түймелерді, жылытқыш сентипонды Шымкент қаласынан алады. Болашақта тек облыс бойынша ғана емес, республика деңгейіне шығу жоспарда бар.