Қол мен қиялдың еңбегі

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times
Түркістан қаласының тұрғыны Гауһар Балабекова өзінің еңбекқорлығымен туған-туысқа, ауыл-аймаққа құрметті жан. Еңбекке ептілігінің, еңбекқорлығының, іздемпаздығының арқасында өз кәсібін ашып, отбасын асырауға атсалысып жүр. Он саусағынан өнері тамған келіншек биыл көптен ойында жүрген ісін жүзеге асырды. Қалалық жұмыспен қамту орталығы мамандарының көмегіне жүгініп, тиісті оқыту курсынан өтіп, мемлекет тарапынан бөлінген қайтарымсыз грантты ұтып алған азамат қазір кәсібін ұршықтай иіріп отыр. Мүмкіндігі шектеулі болса да еңбектеніп, өз отбасына өзі асырап бағуда. Ешкімге қол жаймай, сүйікті ісін табыс көзі етіп, ізденісті жүрген азаматтың әрекеті елді сүйсіндіруде. Еліміздің жұмыссыз азаматтарына «екі қолға бір күрек» беру мақсатында қолға алынған мемлекетік бағдарлама аясында грантқа қол жеткізіп, 1 млн 200 мың теңгенің қаражатын алды. Қаржыға тігін машианаларын және тігіске қажетті үтік, өзге де құрал-саймандарын түгендеп алды. Шаруашылығына ауадай қажетті құрылғылар Гауһардың кәсібіне жол ашты. Осыған дейін ол қара жұмыстың түр-түрін істеп келді. Тіпті құрылыс жұмыстарына белсене араласып, ерлерге тән істерді жасады. Асханада аспаз болып та жұмыс істеді. Тазалау, көріктендіруі жұмыстарын да жатықарқаған жоқ. Отағасына обасын асырауға көмектесу үшін ешқандай жұмыстан бас тартқан жоқ. Мүмкіндігі шектеулі жан ешқашан еңбектен тыс қалған емес. Қашан да білек сыбана кез-келген табыс көзіне мықтап кірісіп кетеді. Алайда, тігіншілік оның жаны сүйіп атқаратын шаруасы. Бала кезінен тігіске епті келіншек шығыны мол бұл кәсіпті игеруге бесене кірісіп кетуге мүмкіндігі болмаған. Мемлекеттік қолдаудың арқасында көптиен ойында жүрген жоспарын жүзеге асырғанын дән риза. 44 жастағы әйел - үш баланың анасы. Балаларының алды мектеп бітіріп, студент атанған қазір. Перзенттерін асырап-бағуға атсалысып жүрген ол кез-келген тапсырысты ойдағыдай жасап шығаруға барын салады. Себебі, ол сапалы жұмыс қана клиент арттырып, табысын көбейтетінін жақсы біледі. Гауһар ұлттық оюлар басылған төсек жабдықтарын, сондай-ақ тұрмыстық бұйымдарын, жасап, киім-кешектер тігеді. Қиялы ұшқыр шебер аракідік «Қыз жасауын» да замана талабына сай етіп жасады. Көрпе-жастықтан бастап жасауға қажетті барлық дүниені түгелдеп, тапсырыс берушінің көңіліненен шығу үшін еңбектенеді. Еңбекқор кейіпкереміз үнемі ізденіс үстінде. Салт-дәстүрімізге айналып кеткен қазақы ою-өрнектерді замануи сән үлгілерімен әспеттеп, көздің жауын аларлық дүниелер жасап шығарады. Замандастарына үлгі кейіпкеріміз қазір Үкіметтен қамқорлық күтіп, қол жаятын уақыт өтті дейді. Қызу еңбекпен тіршілік ету арқылы жетістікке жетудің мүмкіндігі зор екеніне күннен-күнге көзі жетіп отыр. Кәсіпкер келіншектің арман-мақсаты айқын. Ол шеберханасын кеңейтіп, ауылдағы жұмыссыз келіншектерді еңбекке баулығысы келеді. Денсаулығы қанша сыр берсе де келіншек ешқандай қиындыққа мойымады.ү Кез-келген тығырықтан шығуға көмектесетін еңбек, әрекет ету екенін жақсы білетін ол қысқа мерзімді курстың оның кәсібін дөңгелетуіне, бүгінгі сұранысты зерттеуіне ерекше ықпал еткенін жасырмайды. Ол білікті мамадардан тігістің сан қырлы тұстарын үйреніп, қазір білген-түйгендері күнделікті шаруасында тиімді қолданып жүр. Тігіншілік, қолөнер шеберлі¬гімен айналысу бүгінгі заманның ең табысты бизнесінің бірі. Себебі, қазір көпшілік сауда орындарындағы екінің бірі киетін, тұтынатын дайын киім-кешектер мен бұйымдарды алуға құлқы болмайдыү Әркі өз талғамына сай киініп, өз қиялындағы заттарды тұтынғысчы келеді. Яғни, қолдан жасалған заттарға, киім-кешектерге сұраныс артып отыр. Бұл өз кезегінде осынау кәсіптің өркендеуіне, бәсекелестіктік ортаға сай болуна жол ашады. Жалпы, бүгінде көптеген адамдар өз бизнесін ашуды армандайды. Алайда, көпшілік үшін негізгі кедергі - бастапқы капиталдың жетіспеушілігі. Банктен алынған несиелерді пайдаланып бизнесті бастау - бұл екі еселенген тәуекел. Жаңадан іске кіріскен кәсіпкерлерді қолдау үшін, мемлекет «Еңбек» бағдарламасын іске қосты, оның аясында жарты миллион теңгеден астам сомада, өтеусіз грант алуға болады. Бағдарламаның мақсаты – азаматтардың қабілеті мен қызығушылығына, мүмкіндігіне қарай жұмысшы мамандығына даярлау, өз мамандығы бойынша жұмыс таппай жүргендерді қайта оқытып, кәсіптік біліктілігін көтеру. Кәсіптік оқу бұл – заман талабына сай, сұранысқа ие мамандарды қайта даярлайтын қысқа мерзімді курс. Президент жыл сайынғы халыққа арнаған жолдауларында әлеуметтік салаға үлкен мән беріп келеді. Биылғы жолдауында да еңбек адамына, кәсіпкерлікке терең тоқталып, адамдарды жеке кәсібін бастауына немесе жаңа мамандық алып, жұмысқа орналасуына жағдай жасауға басымдық берілген. Бұл түптен келгенде, бұл шаралардың қолдаулардың барлығы да кәсіпке бейімі бар, еңбек етіп, ізденісте жүретін еліміздің экономикалық белсенді тобын қолдауға бағытталып отыр. Азаматтарға тек осынау беріліп отырған мүұмкіндікті тиімді пайдаланып, өз кәсібін, өзінің сүйікті ісін, көптен ойында жүрген жоспарын іске асыруға әрекет жасау жеткілікті. Жергілікті жұмыспен қамту орталықтары ұсынылған жобаларды сараптап, аймақтың нарығына сай, сұранысқа қарай қажетті жобаларды қаржыландыруға жұмыс жүргізетін болады.