Біүгінгі тағы бір ерекше кәсіптің иесі – Гауһар Дәулетбаева. Кентаулық келіншек ешкі өсіреді. Сүті мен құрт-майын сатады. Қалғанын бала-шағасы ішеді. Бес баланың анасы үйде отырып та табыс табуға болатынын айтады. Дайын өнімді дүкенге өткізіп, әуре болмайды. Қажет адамдар үйінен келіп, алып кетеді. Гауһарда өткен жылы грантқа ие болып, оған 10 ешкі сатып алған. Биыл лағымен 20 басқа жетіпті. Гауһар Дәулетбаева, Кентау қаласының тұрғыны: – Бір сауғанда 6-7 литрге дейін сүт аламын. Біз күніне 3 мезгіл сауамыз. Бір мезгілін сатсам, екіншісін бала-шағам ішеді, үшіншісінен құрт істеуге жинадым. Сүттің 1 литрін 400 теңгеден саттым, құртын 2-2,5 мың теңгеден саттым. Майын да солай 3 мыңнан өткіздім. Үйде қарап отырғанша, осы бизнес арқылы табыс көзін тауып отырдым биыл жаз бойы. Қазір төлдеуі жақындаған соң саууды тоқтаттық. Биыл Кентау қаласы бойынша кәсібін ашқысы келетін 172 азаматқа грант беру жоспарланған. Бүгінге дейін соның 52-сі мемлекеттік көмекке ие болып, өз ісін жүргізіп отыр. Дамира Асқынбай, Кентау қалалық жұмыспен қамту бөлімінің маманы: – Келесі аптада гранттың комиссия өтырысы өтеді. Бұл биылға соңғы топ. Бұл топқа 500-ден астам адам портал арқылы өтінім берген. Осы 500-дің ішінен 120 адамды ғана жоспарға сәйкес таңдау керек. Комиссия мүшелері шынымен жұмыс істегісі келетін, тың идеялары бар, қаланың экономикасына үлес қосамыз деген адамдарға қолдау білдіріп отырады. Грант иегерлерінің арасында жастар өте көп. Айта кетейік, биыл ерекше бизнес идея авторларына мемлекет тарапынан берілетін бір реттік қайтарымсыз гранттың көлемі ұлғайды. Бұрын 200 айлық есептік көрсеткіш болса, биылдан бастап, 400 айлық есептік көрсеткіш болды.
Мемлекеттік грант – жаңа бизнесті іске қосу және дамыту мақсатында өтеусіз берілген бастапқы капитал. Грант көлемі 400 АЕК-ті (1 225 200 теңге) құрайды. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады. Гранттар қаражаты ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Кез-келген адамның бизнесті бастамастан бұрын өзінің идеясы болуы қажет. Егерде сіздің қандайда бір нақты идеяңыз болмаған жағдайда бизнесті бастамақ тұрмақ ол туралы айтудың да қажеті жоқ. Әрине идеяға келгенде біз мүлдем жаңа немесе сізге дейін адам баласының ойына кіріп-шықпаған бизнесті айтып тұрғанымыз жоқ. Бизнесті бастау үшін кезкелген идеяны алуға болады. Мейлі жайма базарда тауар сату болсын немесе шаштараз, дүкен, автокөлік жуу орны, мейлі донер, самса пісіретін орын болсын, ең бастысы белгілі бір идеяның болуы мідетті түрде қажет.
сіздің бизнес туралы идеяңыз шағы немесе шағын бизнестің төңірегінде болуы тиіс. Өйткені шағын бизнесте айтарлықтай жетістікке жетіп, пайда таба алмасаңыз үлкен көлемдегі бизнесті бастау туралы айту барып тұрған ақмақтық. Егер де ойыңызға дүкен ашу идеясы келсе, оның еш ерсісі немесе қатесі жоқ. Ең бастысы сіздің дүкеніңіз өзге дүкендермен салыстырғанда азда болса да бір қайталанбас өзгешелігі болуы тиіс.
Түркістан облысының Кентау қаласында ерекше бизнес идеяларға қолдау көрсетіледі. Мемлекет тарапынан кәсіп ашқысы келетін азаматтарға берілетін бір реттік қайтарымсыз гранттар да алдымен ерекше кәсіп иелеріне беріліп жатыр. «Өз бизнесін ашқысы келетіндердің арасында, көпбалалы аналар мен жастар көп».
Үміт Мәкімова – 4 баланың анасы. Осыдан 5 жыл бұрын жолдасы екеуі үйінің ауласынан көлік жуу орнын ашқан. Алайда оны кеңейту үшін өткен жылы кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға сәйкес мемлекеттен 1 млн 220 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грант алған. Оған көліктің іші-сыртын жылтыратып тазалайтын аппарат, кептіргіш құрал, бояйтын құрылғы сатып алыпты. Қазір жабық орынды жалға алып, жұмыс істеп жатыр. Үміт Мәкімова, Кентау қаласының тұрғыны: – Осы кәсібіміздің арқасында біз тек қана аватокөлік жумай, бояуды да қосып жатымыз. Әрі қарай автотігін цехын ашсақ, деген ниетіміз бар. Автотігінде чихолдар тігеміз деген оймен бастап жатырмыз. Осымен тоқтап қалмай, жұмысымызды дамытып жатырмыз.
Жаңа бизнес-идеяны іске асыруға мемлекеттік грант алуға үміткер бола алатындар – тіркелген жұмыссыздар, жеке кәсіпкерлер (тіркеу мерзімі 3 жылға дейін), бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер. Бұл ретте үміткер төмендегі әлеуметтік санаттардың бірінен болу керек: мүгедектігі бар адамдар; қолданыстағы «кандас» мәртебесі бар адамдар; өңіраралық қоныс аударушылар; аз қамтылған отбасы мүшелері; көп¬балалы отбасы мүшесі; мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адам; асыраушысынан айырылу бойынша жәрдем¬ақы алушылар; жастар. Үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы үш жылдан аспайтын мерзімге сертификаты болуға тиіс.
Осынау үш айлық курстың кезінде бағдарламаға өтінім беруші өзі қолға алатын кәсібінің қыр-сырымен етене танысады. Жобасын жіті зерттеп, кіріс-шығыстарын анықтайды. Бұл болашақта бизнестің тұрақты табыс әкелуіне кепіл болмақ.