Ат әбзелін жасайтын шебер

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times
Мемлекет басшысы Үкімет жұмысындағы басым бағыттардың бірі ретінде жаппай кәсіпкерлікті ынталандыру және жұмыспен қамту бағдарламасын жүзеге асыруды атады. Соның негізінде өңірлерде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге үлкен мемлекеттік қолдау көрсетілуде. Елді мекендерде шағын және орта бизнесті дамытуға басымдық беріліп отыр. Билік өкілдері бүгінде елдің дамуында, өркендеуінде кәсіпкерліктің, бизнестің аяқ алысының маңызы зор екеніне көз жеткізді. Сондықтан қолынан іс келетін азаматтарды, іскерлерді қолдауда түрлі бағдарламаларды іске қосып, аймақтардағы кәсіпкерлікті қарқынды түрде дамытуды қолға алып отыр. Соның салдарынан қазір елімізде кәсіпкерлер көбейіп, түрлі бағытта бизнес идеялар өмірге келуде. Қазақ колөнеріне сүйсіне қарайсың. Ғасырлар қойнауынан сыр шертетін бабалар еңбегінің жетістігі, жемісі, яғни табиғи материалдан жасалған тұрмыстық бұйымдар таңдай қақтырып, тамсандырады. халқымыз ісмерлікке, қолдан іс жасауға шебер халық. Қазақ жерінде саусағынан бал тамған шеберлер көп. Ат әбзелдерін жасаумен айналысатын шеберлердің де туындылары ежелден-ақ сұранысқа ие. Бұл өнер қазір замана талабына сай жаңаша рең алып, дамып келеді. Қиындығы мен қызығы мол қолөнер түріне Сауран ауданының тұрғыны Сырбек Құлтаев қызығушылық білдіріп, мемлекет қолдауына ие болды. Бойында ер азаматқа тән жылқы малына құмарлық, нақтырақ айтқанда ата-бабамыздан келе жатқан этнографиялық кұндылы¬ғымызға айналған қол өнер туындысы – ат әбзелдерін жасауға қызығушылық Сырбек Құлтаев үшін бала кезінен басталды. Ол бұрыннан таныс, жақсы көретін ісі ат әбзелдерін жасауға білек сыбана кірісті. Ол н көп ойланбастан ауыл адамдарының сұранысына сай дайын өнімді сатумен айналысты. Бірте-бірте ауылдағы ағайынның ат әбзелдеріне деген сұранысы артқанына көзі жетіп, өзінің қолынан келетін бұйымдарды тігуге кіріседі. Ол үшін мемлекет тарапынан берілетін кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларына қатысты. Бірнеше жылдан бері жұмыссыз ретінде тіркелген жас келіншек арнайы мемлекеттік бағдарлама арқылы қайтарымсыз несиеге қол жеткізуге көп ізденді. Бизнес-жоспар әзірлеуге барын салды. Алдағы уақыттан ол әлеуметтік желі арқылы ат әбзелдерін сатушылардан сатып алып, алушыларға жеткізіп, саудамен айналыс¬уды көздейді. Ұлттық құндылықтарды дамытуға кәсібі арқылы үлес қосып, табысқа кенеліп отырған кәсіпкер жаңа жұмыс орнын ашуды мақсат етеді. Әрине, ол үшін ауылдағы жастарға осы кәсіпті үйретуге, ат әбзелін тігуді үйретуге әзір екенін де айтады. Сондай-ақ ауылда ат спортын дамытуға үлес қосатын азаматтарды да іздейді. – Өз кәсібін бастаушы ретінде қолымнан келетін іспен айналысқаныма аз уақыт болды. Қажет жарағымды мемлекет тарапынан берілген қаржыға сатып алдым. Ат әбзелдері түрлі материалдардан жасалатындықтан, жүген, ноқта, тартпа тігу үшін инесі жуан арнайы машина керек. Ол машина киім тігетіннен бөлек болады, әрі бағасы да қымбат. Грант қаржысына еғ алдымен осы қондырғыны, өзге де қажетті материалдар мен құрал-саймандарды сатып алдым. Тоқ көзімен жұмыс жасайтындықтан, тігуге ыңғайлы, әрі уақыт үнемдеу жағынан да тиімді, – дейді өз ісінің шебері. Сырбектің сүйікті кәсібімен айналысуына жұбайы қолдау білдіріп отырады. Қажет жағдайда тапсырыстарды ерлі-зайыпты бірлесіп жасайды. Отағасына көмектеседі. Осылайша ат әбзелдерін жасау қолөнеріне бір отбасы күнделікті нәпақасын айырып отыр. Олардың алдағы уақытта кәсіпті ұлғайту арқылы табысқа кенелу мақсаты бар. Кейіпкеріміздің болашақта үлкен цех ашып, онда атқа қажетті барлық затты және арнайы көкпарға киетін, күнделікті атқа мінгенде киетін былғарыдан етік тігу ойы бар. Шебер жергілікті ат баптаушылар, көкпаршылар мен шабандоздарына ат әбзелдерін жасаушы шебер Сырбектің есімі жақсы таныс. Шеберге тіптен Түркістан облысынан бөлек, өзге де қалалардан тапсырыс берушілер бар. Себебі, олар шебердің бірінші кезекте әр бұйымның сапасына ерекше көңіл бөлетінін жақсы біледі. Бар ғұмыры аттың үстінде өткен көшпенді ата-бабаларымыз үшін салиқалы көшін салтанатқа бөлеген жылқы малының орны ерекше. «Ерге мінген жігітке – он кісілік күш бітеді» дейтін қазақ жылқы жануарына ерекше күтім жасап, атбегілік өнерімен қоса ат әбзелдерін жасайтын шеберлерге де үлкен құрмет көрсеткен. Бүгінде қазақтың көкпар өнері дамып келеді. Бәйгеге қосатын аттарға да ерекше күтім керек. Оның азығынан бөлек ат әбзелдерінің көз тойдырар көркемдігі аттың сән-салтанатын арттырады. Әрі бұл – ат иелерінің оған қандай ықыласта екендігін көрсетеді. Сондықтан, әр атқа өзіне жарасымды дизайнымен, тоқым, желдігі, терлігі, тартпасы, тұяқтығына дейін өзіне қонымды, шап-шақ етіп жасалады. Аттар жан пәрменімен шапқанда артқы аяғын зақымдап, ақсап, шаба алмай қалуы мүмкін. Тұяқтық деген бұйымдар әрі сәнді, әрі сақтық үшін таптырмас құрал екен. Өрмеден жасалған таралғы, жүген, ноқтаға сұраныстың көп түсуде. Тапсырыстардың үдесінен шығу үшін ол алдағы уақытта қосмыша жұмыс күшін жасақтап, дайын тауарларды сататын сауда орындарын ашпақ ниетте.