«Ырыспен» ырысқа кенелдім

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times
Қазақ қашанда ассалаумағалайкум деп амандасқаннан кейін мал жаныңның амандығын сұрасқан. Оның да бір себебі бар шығар. Төрт-түліктің қашан қадіріне жете білген жұртымыз данышпан десеңші. Халқымызда осы төрт түлік туралы қанатты сөздері, өлең шумақтары, тіпті керек десеңіз жеті қазынамыздың төріне енген. Бір сөзбен айта кетсек қазақ үшін төрт түліктің орны ерекше. Ерте заманнан бастап технология дамыған тұсқа дейін ел жұрт осы төрт түліктің арқасында күн көрген. Осы мал шаруашылығы арқасында талай қиын қыстау заманды артқа қалдырдық. Қазіргі таңда мал шаруашылығы заманауи тілмен айтқанда үлкен кәсіптік шаруашылыққа айналды. Әрбір ауылдағы ағайындарың үйінде кем деген де қос-қостан,тіпті үйір-үйір, отар-отар малдары бар десек қателеспегеніміз. Бірі төрт-түліктің санын көбейтуді жоспарласа, бірі соғымдай сойып, тіпті алып-сатып күнкөріс деңгейін көтеру мақсатында тынымсыз еңбектеніп жүрген жандарды көзбен көрудеміз. Солардың бірі әрі бірегейі КАЗПЛЕМЗАВОД Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Арыс қаласында орналасқан ауқымды шаруашылықта етті бағыттағы мүйізді ірі қара асыл тұқымды өсіру және көбейту барысында қызмет атқарып келеді. Екі мың үшінші жылдан бері жұмысын атқарып келе жатқан бұл кәсіпорында он бес адамды толық қанды жұмыспен қамтыған. Бұл дегеніміз ауыл тұрғындарының жұмыссыздық деңгейін төмендетіп отыр деген сөзіміз. Бұл қожалық он тығыз жыл бойы ісін тоқтатпаған. Керісінше одан әрі мен қарата дамытып етегін кеңге жайған. Фермерлік жұмысқа бет бұрған ел ағасы Мамытхан Айдагараев Арыс қаласын Қожа тоғай елді мекенінде өмірге келіп, өзі туылған ауылдың тыныс тіршілігіне дем бергендей. Ауылдан шыққан әрбір жас кәсіпкерлерге қолынан келгенше өз ақыл-кеңесін беріп керегесін кеңейткенше жанынан табылатын азаматқа ауыл жұртшылығы тән риза. Айта кеткеніміздей бұл қожалықта мүйізді ірі қара тұқымын көбейтеді. Қожалықтың ішінде алтайлық ақбас, әулекөл, ангус секілді асыл тұқымды сиырларды көптеп кездестіреміз. Бұлардың қатарын Ресей федерациясына қарасты Бурятия елінен әкелген екі мың елу бас қызыл тұқымды сиырлар қатарын толықтырды. Қожалықтың қожайыны мұндай тұқымдас ірі қаралар біздің өңірге тез бейімделіп кетеді дейді. Себебін сұрағанымызда оңтүстіктің қолайлы ауа райы, шүйгін шөбі Бурятия еліндегідей дейді шаруа қожайыны. Мұншама басқа жем шөпті қалай тауып береді екен демеңіз. Тоқсан гектар суармалы егістік алқабында мал азығы дайындалады. Төрт мыңнан астам жайылмалы алқапта ерте көктемнен бастап қара күзге дейін жайылымға жөнелтіледі. Тек қыс айларында ғана қора жағдайында ұстайды. Экспорт мәселесін де оңтайлы жолға қойа білген сала басшысы ет өнімдерін қазіргі күнде ел аумағындағы алып шаһарлармен құрлық асып шетелге жөнелтуде. Қазір ет экспортын арттыруда алға қойып отырған ауқымды міндеттер тек ірі өндірушілер есебінен жүзеге асырылып келеді. Ет экспортын жолға қою үшін ең алдымен осы бағыттағы асыл тұқымды ірі қара малының санын күрт арттыруымыз қажет. Сонда ғана бұл жобадан белгілі бір нәтиже күтуге болады. Мұны осы іспен көптен шұғылданып келе жатқан дамыған елдердің тәжірибесі де көрсетіп отыр. Мәселен, АҚШ пен Канада етті ірі қара малдың жалпы мал басы ішіндегі үлесі 75-85 пайызды құрайды екен. Міне, осыған қарап-ақ біраз жайды аңғаруға болатын секілді. Осыған орай еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі аясында мал тұқымын асылдандырудың кең ауқымды жаңа жүйесін құру ісі өткен жылдан бастап қолға алынды. Қазірдің өзінде мал тұ-қымын асылдандырумен айналысатын шаруашылықтардың барлығы осы жүйеге біріктірілді. Бұл жүйенің оларға беретін артықшылығы, қолда бар мал басы бұрынғыдай емес ендігі кезекте қатаң есепке алынып, олардың әрқайсысына мемлекет тарапынан субсидия берілетін болады. Сонымен қатар, жүйеге қосылған шаруашылықтар еліміздің жағдайына сай келетін асыл тұқымды бұқалардың ұрықтарымен, сонымен қатар, шет мемлекеттерден жеткізілген эмбрион ұрықтармен қамтамасыз етіледі. Осындай басқа да көптеген артықшылықтары жеткілікті. Әлемдік нарықтың таңдайы қазақ даласында жайылып мал етінің дәмін енді сезді. Түркістан облысында алып мал бордақылау орындары санаулы. Оның бірі осы КАЗПЛЕМЗАВОД Жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі. Жоба құны алты жарым миллиард теңгені құрайтын ірі кәсіп осының бүгін атқарып жатқан жұмыстары осылай. Кәсіпті дөңгелетіп әкету үшін оның қыр-сырын меңгеру керек. Бастапқыда қиындықтар кезігер. Бастысы, жобаңызды тереңінен зерделей біліп, қаржыны мақсатты жұмсай білсеңіз, еңбегіңіз зая кетпесі анық. Агро корпорация арқылы қаржыға қол жеткізген бизнес иесінің мемлекеттің кәсіпкерлерді қолдау жүйесіне алғысы шексіз. Бастаған ісінің аяғына жетпес қоймайтын Тұрсын ағамыздың өжеттілігіне таң қалдық. Иә еңбектің наны еңбектенген адамның аузында табылар деген сөз де бар емеспеді. Маңдайдан аққан әр тамшы тер осының жемісі.