Ауылым алтын бесігім

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times
Елімізде кәсіптің қандай түрімен айналысамын десеңіз де қолайлы жағдайлар қарастырылған. Өзіңіз сол кәсіптің маманы болсаңыз жеткілікті. Тіпті маман болмасаңызда қызығушылығыныз артса соның өзі жетерлік. Айналыса келе мамандық иегері атанып кетуіңізде ғажап емес. Ол үшін мақсатыңыз айқын, талабыңыз нық болса мұратқа жетеріңіз сөзсіз. Кәсіп десек есімізге тауар айналымы түседі, шаруашылықты кәсіптердің қатарында көре бермейміз. Негізгі кәсіптің көзі ол шаруашылық. Шаруашылықтан шыққан әрбір өнімдерді алып кәсіп түріне айналдыруға болады. Бүгін сол шаруашылықты алып кәсіп көзіне айналдырған Саялы Сарыағаш ауданында орналасқан Агротур шаруа қожалығы жайлы әңгіме өргітеміз. Бұл қожалық 2017 жылы ашылып, сол уақыттан бері қызмет атқарып келе жатқан алып шаруашылық. Жылыжай арқылы көкөністер өсіріп, алыс-жақын елді мекендердегі дүкен сөрелері мен көк базарларда қамтамасыз етіп келе жатқан алпауыт шаруа қожалық. Заманауи технологиямен жабдықталған жылыжай қожайыны отыз адамды жұмыспен қамтып отыр. Яғни ауылдағы жұмыссыздықтың санын азайтқан десек қателеспегеніміз. Агро өнер кәсіпті жанына серік еткен Тұрсын Тасхожаев ауылының сыйлы азаматы. Көз қорқақ қол батыр деген мақалды жадына ұстам еткен жанның бүгінде ісі өрге домалап келеді. Кедергілерде аз болмаған еккен өнімдер кеш шығып тіпті осы кәсіптен қол үзетін шаққаға тап келген. Алайда бастаған ісін аяқсыз қалдырмауға бекінген маманның бұл ісі ауылдастарына үлгі бола білген. Көптің бағасына емес батасына ие болған Тұрар ағамыз еңбектің кез-келген түрі шығынсыз кіріс болмайтындығын тағы да бір дәлелдеген. Оңтүстік өңірдің таңғажайып дүниесі, яғни ауа-райы шаруашылыққа қолайлы. Қысы қысқа жазы ұзақ. Сондықтан болар Сарыағаштық ағайындардың тынымсыз еңбегі тыңғылықты нәтижеге қол жеткізіп жүргендіктері. Әрбір жылыжайларда әр түрлі өнімдер өсіп жатыр. барған Агротур шаруа қожалығының жылыжайында құлпынай өсіреді. Бір гектар аумақты алып жатқан алқапта, құлпынайдың «алстарс» альпенио, сынды түрлері өсіріледі. Бұл алқапта тек қана құлпынай сорттары ғана емес, қияр, қызананақтың түрлері де өсіріледі. Қыс айларында жылы жайдың сақтап ондағы еккен дәндерді күтіп-баптау оңай іс емес. Сала мамандарының айтуынша жәндіктер қыс айларында жылы жерді паналап еккен тұқымдардың өсіп жетілуіне кедергі тудырады дейді. Еш бір химиялық тыңайтқыштар қосылмайтын бұл жылыжайдың өнімдеріне сұраныс жоғары. Сондықтан болар шаруашылықтың қазіргі жағдайы жақсырақ. Ауылда жұмыссыз жүрген жастарды жұмыспен қамтып отырған шаруақожалықта ең төменгі жалақы есебі жүз елу мың теңгені құрайды. Қызметкерлерге еш қандай кедергілер жоқ. Бес жылдық тәжірибесі бар шаруашылықтың иегерлері болашақта ауқымды жоспарларды жүзеге асырмақшы. Олар өздерінің өнімдерін шет елге жөнелтудің жолын қарастыруда. Осы жобалары жүзеге асып отырса, қосымша жылы жайдың құрылыс жұмыстары жүргізілмек. Сол салынатын жылыжайда тропикалық жемістерді өсіру жоспарлануда дейді шаруа қожайыны. Тынымсыз еңбекті талап ететін мұндай ауқымды жобалар саялы мекенде молшылық. Әрбір жылыжайда әртүрлі өнімдер өсіріледі. Оның ішіндегі ең ауқымдысы Агортур жылыжайы болып табылады.