Бірқатар мақсатты іс-шаралар қабылданды

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Бірқатар мақсатты іс-шаралар қабылданды

 

Шымкент қаласында Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар мақсатты іс-шаралар қабылданды. Осы мақсатта «Жасөспірім» іс-шарасының 3 кезеңі, «Түнгі қаладағы балалар», «Қайыршы» жедел профилактикалық іс-шаралары және кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік», «Жұмыспен қамту», «Абайлаңыз балалар»  акциялары өткізілді. Қабылданған іс-шаралар нәтижесінде, түнгі уақытта заңды өкілінсіз тұрғын жайдан тыс жерлерде жүрген 3078 жасөспірім анықталды, ата-анасының бақылауынсыз жүрген 762 жасөспірім Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Құқық бұзушылыққа бейім 7 жасөспірім Кентау қаласындағы арнайы мектеп-интернатына жолданды. Құқықбұзушылыққа бейім 300 жасөспірім және 179 қолайсыз отбасы Ішкі істер органының есебіне алынды.