140 ювеналды полиция қызмет атқарады
Кәмелетке толмағандар арасындағы бұзушылықтардың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар бойынша 4 айы қорытындыланды. Шымкент қаласы бойынша кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алумен айналысатын 140 ювеналды полиция қызмет атқарады. Оның ішінде, учаскелік полиция инспекторлары – 37, мектеп инспекторлары – 103. 2020 жылдың 3 ай көлемінде кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында бірқатар іс-шаралар қабылданды. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету бойынша мақсатты «Жасөспірім» және «Қауіпсіз мектеп» жедел-профилактикалық іс-шаралары өткізілді. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтара зерделеу жұмыстарын жүргізе отырып, әр аптаның жұма, сенбі және жексенбі күндері түнгі іс-шаралар өткізілді. Іс-шараларға, жергілікті атқарушы орган, прокуратура, білім, денсаулық сақтау, отбасы, жастар саясаты мәселелері басқармасы, ата-аналар комитеті, үкіметтік емес ұйым және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатыстырылды. Қабылданған іс-шаралар нәтижесінде, құқықбұзушылыққа бейім 121 жасөспірім және 81 қолайсыз отбасы Ішкі істер органының есебіне алынды.
140 ювеналды полиция қызмет атқарады
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode