Арнайы курс ұйымдастыру қажет

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Арнайы курс ұйымдастыру қажет

Бүгінде айфон ұстап, ғаламторға үңілген жастарды ұлттық салт-дәстүрімізден алыстамай, инабатты да ибалы болып өсуіне ықпалын тигізіп жүрген жандар аз емес. Салт-дәстүр және әдет-ғұрпымызды насихаттаушылардың бірі - Лейла Жұмабекқызы. Қазір қыз бала тәрбиесіндегі олқы тұстарды дәстүр салтымыз арқылы толтыруымыз керек деп санайтын Лейла Жұмабекқызының айтары да көп. Бүгінде Шымкентегі жоғары оқу орындарында  отбасы құндылығын сақтау атты арнайы оқу курстары ұйымдастырылса артықтық етпес еді деп санайды. «Халқымыздың көнеден келе жатқан қыз баласының тәрбиесіне аса көңіл бөлгендігін еске алып, дәстүрді заманға сай лайықтап, күнделікті өмірге енгізсек, қыз тәрбиесіндегі кейбір өрескел жағдайлар орын алмас еді. Бүгінде ажырасушылар көп. Олардың қатарын азайту үшін мектепте болсын, жоғарғы оқу орынында болсын отбасы құндылығы туралы құлақтарына құя беру керек. Үлкенді сыйлау, ата-енені сыйлау, кішіге ізет көрсету, жарыңа қызмет ету осының бәрін қыздардың санасына сіңіре беру қажет. Сонда ертеңгі ел тірегі азаматтарымызды тәрбиелейтін бүгінгі қыздар саналы болып өсер еді» дейді кейіпкеріміз.

Жаннұр Арыстанбек