Нәтижелі жұмыстар атқарылуда
Шымкент қаласы бойынша кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында нәтижелі жұмыстар атқарылуда. Ішкі істер органының есебінде тұратын жасөспірімдер және қолайсыз отбасылар тұрғылықты мекен жайы бойынша тұрақты түрде тексеріліп отырылды. Сондай-ақ, білім беру ұйымдары арқылы онлайн-кездесулер ұйымдастырылып, құқықтық тақырыпта түсіндірме жұмыстары жүргізілді, әлеуметтік желілер арқылы тәрбиелік маңызы бар бейнероликтер көрсетілді. Қабылданған іс-шаралар нәтижесінде, 2020 жылдың 3 ай қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар -28,3 пайызға (60-тан 43-ке) төмендеді. Қазіргі таңда, кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар барлық бағытта жүргізілуде.
Нәтижелі жұмыстар атқарылуда
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode