Отбасыны құндылық деп тануына септігін тигізері сөзсіз

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Отбасыны құндылық деп тануына септігін тигізері сөзсіз

 
Отбасылық саясатты қалып­тас­тыруда атқарылатын шаруалар әлі де көп. Отбасылық құндылықтарды насихаттау шараларына бүгінде елімізде көптеп көңіл бөлінуде. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі», демек балаға отбасында берілген тәрбие оның кейінгі өмірінің бастауы болмақ. Өскелең ұрпақты отбасы құндылықтарына баулып, жанұяны қадірлеуді, іргетасы мықты болуын осы бастан санасына сіңіру бүгінгі күннің басты талабы болып отыр. Осы бағытта бүгінде білім бесіктерінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №124 жалпы орта мектебі әрдайым игі істердің бастамашысы болып жүреді. Жуырда аталмыш мектепте Отбасы құндылықтарын насихаттайтын онлайн тәрбие сабағы болып өтті. «Әкем қамқоршым, анам ақылшым» тақырыбында өткен тәрбие сағатына оқушылар белсене қатысты. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі әрі 5 сынып жетекшісі Гауһар Рауаилова тәрбие сағатын қызықты етіп ұйымдастыра білді. Оқушылар отбасына қатысты, ата-ана тәрбиесіне қатысты өлеңдер, мақал мәтелдер оқып жарысты. Отбасында ата-әжелерінің қандай тәрбие беретінін де тілге тиек етті. «Мен өз отбасыммен мақтанамын» дейді олар. Ата - ана үмітін ақтауға барын салатынын айтып уәде бергендері де бар. Жалпы отбасындағы ата - ананы сыйлауға, қадірлеуге, татулыққа тәрбиелеуді басты ұстын еткен тәрбие сағаты жоғары деңгейде өтті. Оны оқушылардың белсене атсалысуынан-ақ байқауға болады. Баланың бойына ізгілікпен дарыған мейірім, адамгершілік қасиеттері кейін отбасыны құндылық деп тануына септігін тигізері сөзсіз.

 

Нұрбақыт Аймағамбет