Басты мақсат - татулықты дәріптеу

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Басты мақсат - татулықты дәріптеу

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №90 жалпы білім беретін мектебінде қашықтан оқыту барысында 2 -сынып оқушылары арасында «Бірлігіміз жарасқан» тақырыбында сурет салу сайысы өткізілді. Оған 16 сынып қатысты. Байқаудың негізгі мақсаты – отбасындағы бірлікті, татулықты дәріптеу. Отбасы құндылығын насихаттау. Оқушылар өздерінің пайымында отбасының қандай болуы қажеттігін ақ қағаз бетінде дәріптеді. Сайыстың нәтижесі бойынша: І орын – 2 В сынып оқушысы Мейрамханқызы Ұлданай. ІІ орын – 2 Қ сынып оқушысы Сапар Сымбат, 2 Б сынып оқушысы Абуғани Мерей, 2 Ж Борабаева Алина. ІІІ орын – 2 М сынып оқушысы Мухидин Каусар, 2 К сынып оқушысы Абдукаримов Руслан, 2 Д Берднияз Жантөре, 2 Ғ Шарипбек Ырысбек жеңіп алды, қалған оқушыларымыз түрлі номинация иегерлері атанды. Сайысқа қатысқан барлық оқушылар мен олардың сынып жетекшілері, ата-аналары мұндай байқаулардың бала қиялын ұшқырландыратынын айтысты. Алдағы уақытта да мұндай сайыстардың көптеп өткізілуіне тілектестіктерін жеткізді.

Нұрбақыт Аймағамбет