Іскер әйелдер қатары 68 мыңға жетті
Елімізде кәсіпкер әйелдер қатары күн санап артуда. Олардың тиімді кәсіп көзін ашып, нәсібін көруіне бизнес орталықтар мен мемлекеттік бағдарламалар ықпалын тигізуде. Аталмыш бағдарламалар әйел адамның қоғамдағы өзіндік орнын айшықтап көрсетеді. Үшінші мегаполистегі іскер әйелдер қатарының 68 мыңға жетуі оның айғағы бола алады, деп хабарлайды Rgmedia. «Әйелдің қоғамдық-саяси өмірдегі орнын ешкім де жоққа шығара алмайды. Қазіргі заманда бәсекеге қабілетті болу керек. Бәсекелестен қорықпай, қайта оны ысыруға әрекет жасау керек», - дейді «Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ләззат Рамазанова. Бүгінде, Шымкент қаласында 21 адамнан құралған Әйелдер бизнес клубы мен 250-ден астам адам кіретін кәсіпкер әйелдер базасы жұмыс істейді. Алдағы уақытта, аталмыш бизнес клубтардың қатарына «IS KOLDAU» - «Әйел және отбасылық бизнесті қолдау» қоғамдық ұйымы қосылады деп күтілуде.
Іскер әйелдер қатары 68 мыңға жетті
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode