Нәзікжандылар кәсіп еткен қызмет түрлері қоғамға өте қажет
Кіші және орта бизнесті дамыту мақсатында ҚР «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы әр қалада жұмыс істеуде. Бұл палата әсіресе іскер ханымдарға ерекше қолдау танытады. Себебі, нәзікжандар кәсіп еткен қызмет түрлері қоғамға өте қажет. Атап айтқанда, ханымдар көбіне балабақша, түрлі үйірмелер, білім беру, қосымша курстар мен кондитерлік өндіріс, тігін тігу, құрақ құрау, сұлулық және салауатты өмір салтын ұстану сынды қызмет түрлерін таңдайды, деп жазады «Шымкент келбеті». Осы бағытта Шымкент қаласындағы іскер әйелдермен жұмыс жасайтын кеңестің төрайымы Салтанат Төлегенованы сөзге тарттық. Ханым бола білген жақсы, ал іскерлігімен қоғамға, елдің дамуына үлес қосу, адамдарды жұмыспен қамтып, салық қорын молайту да үлкен азаматтық іс. Қазіргі таңда қыз-келіншектердің бизнесте жетістікке жетуіне қолдау көп-ақ. Мәселен, «Атамекен» кәсіпкерлер Палатасы жанынан мектеп ашылды. Онда өз кәсібін жаңа бағытта ашқысы келетін немесе мүлде жұмыссыз отырған қыз-келіншектер белгілі бір кәсіпке бейімделеді. «Қалай кәсіп ашамын?», «Кәсібімді қалай дамытамын?» деген мақсатты ізденісі бар ханымдармен жұмыс істеуге біз әрқашан дайынбыз, – дейді Салтанат ханым.
С.Төлегенова жекеменшік балабақшасын ашып, бүгінде 150 адамды жұмыспен қамтып отырған жеке кәсіпкер.Қолдан келсе, табыс тапқан жақсы. Әр адам өз қажеттіліктерін қамтамасын етуі тиіс. Одан артылса, туыстарына, өзге де азаматтарға көмектесіп, қайырлы іске жұмсағанын құп көремін. Басқа да іскер ханымдарды қайырымдылық жасауға шақырамын, – дейді ол.
Нәзікжандылар кәсіп еткен қызмет түрлері қоғамға өте қажет
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode