Гендерлік саясаттың жемісі
Шымкенттік ханымдардың 5,9 пайызы мемлекеттік қызметте еңбек етсе, 74 мыңға жуығы бизнес-бикеш атанған. Мұның барлығы да гендерлік саясаттың жемісі. Әйел аналарымыз отбасы-ошақ қасынан бөлек, қоғамдық қызметке де араласа бастады. Әйел азаматтарымыз бизнесте де белсенді болып келеді.
Облыстық әйелдер кеңесінің төрайымы Баян Жандосованың айтуынша, әлеуметтік және саяси өмірдегі әйелдердің рөлі күн өткен сайын артып отыр. Бүгінде Шымкентте «Әйелдер кеңесі», «Іскер әйелдердің ассоциациясы», «Кәсіпкер әйелдердің кеңесі», «Саясаткер әйелдер клубы», «Аналар кеңесі» жұмыс істейді. Атауы бөлек-бөлек болғанымен жұмысы мен мақсаты бір. Аталған ұйымдардың негізгі мақсаты -гендерлік саясатты қолдау, әйелдің белсенділігін арттыру, мемлекеттік және саяси-қоғамдық қызметтерге ұсынуға болатын әйелдердің кадрлық қорын қалыптастыру, көшбасшы арулар мектебінің жұмысын ұйымдастыру болып табылады.Жаннұр Арыстанбек
Гендерлік саясаттың жемісі
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode