Отбасының мәртебелік мәні терең
Шымкент қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының мамандары: «Ел болашағы жастардың қолында екенін ескерсек, олардың бүгінгі қалыптасу болмыстарына алаңдауға негіз бар», — дейді. Өйткені, кейбір жастар көше тәрбиесіне еліктеп, түрлі қолайсыз жағдайларға тап болып жатады. Оның соңы бір емес бірнеше адамның тағдырына кері әсер етуі әбден мүмкін. Әсіресе «ертеңгі ана» деп отырған жасөспірім қыздардың әрбір қадамына ата-ана қырағы болуы керек. Әйтпесе ертең бәрі де кеш болуы мүмкін. Сондықтан басқарма мамандары әрбірі баланың тағдырына алаңдаулы. Тек алаңдап қана қарап отырмай, небір құқық бұзушылықтың алдын алу қамын жасауға және жастарды тек игі бастамаларға баулуға тырысады. Қоғамда отбасының мәртебелік мәні қашанда терең. Отбасы құндылығы бірінші орында тұруы тиіс. Ал сол отбасының ұйытқысы – әйел заты адам баласының өмірге жолдама алатын кәусар бастауы, арқасүйер алтын діңгегі.
Отбасының мәртебелік мәні терең
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode