Заңды білу - заман талабы

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Заңды білу - заман талабы

 

Шымкент қаласына қарасты №124 жалпы білім беретін орта мектебінде жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу туралы онлайн-сабақ өткізілді. Аталған мектептің 8 сынып жетекшісі Ш. Хасанова оқушыларға заң талаптарын түсіндірді. Қылмыстың үлкен кішісі болмайтынын, құқық бұзған адамның заң басынан сипамайтынын жеткізді. «Заңды білу - заман талабы» екендігін де айтып өтті. «Қылмыстың қоғамға қауіптілігі», «Жемқорлық зардабы» айдарларымен арнайы оқулар өтті. Оқушылар осы тақырыпта өз білгендерімен бөлісті.