Жан-жақты дамуына тиімді пайдаланған орынды
Баланың жан-жақты дамуы оның бос уақытын дұрыс ұйымдастыруға өте
байланысты екенін көп адам білгенімен, оны қалай, қандай әдіспен
ұйымдастыру керек екенін бірі білсе, бірі білмейді. Бос уақыты көп бала жаман әдеттерге үйір болуы да мүмкін. Сондықтан да жастайынан құқыбұзушылықтан аулақ болуды құлағына құйып өсірген дұрыс. Бұл бағытта Шымкент қаласындағы жалпы орта мектептерде жастар арасындағы құқыбұзушылықтың алдын алу бағытында түрлі шаралар қолға алынған. Соның бірі баланың бос уақытын дұрыс пайдалануға үйрету. .. Ұлы педагог К.Д.Ушинский өз сөзінде баланы табиғатпен жастай
таныстыра дамыту, өз қорының, санасының жетілуіне әсері мол екенін атап
көрсеткен. Логикалық ойдың, пікірдің дамуы баланың келешекте рухының
жоғары болуына батыл пікір, нақты шешім айтуына және оны дәлелдеп беруге жетелейді. Бос уақытты - тек көңіл көтеру үшін ғана емес, баланың өз бетінше жұмыс істеуіне, сауықтыру мәселелеріне араласуына, өнер түрлерімен танысуына және өнерге талпынуына, сол арқылы жан-жақты дамуына тиімді пайдаланған орынды деп біледі. №71жалпы орта мектебінің 3 "А" сынып оқушылары мен ата-аналары өздерінің бос уақыттарын үнемі пайдалы іске жұмсайды. Осы туралы олар бейнетүсірілім арқылы баяндады.
Жан-жақты дамуына тиімді пайдаланған орынды
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode