Отбасылылық құндылықтың бір ұстыны

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Отбасылылық құндылықтың бір ұстыны

Шымкенттік келіншектердің арасында орамал тағу челенджі басталғанына да көп уақыт өте қойған жоқ. Желіде эстафетаны жалғастырған Аяулым Тастанбектің сұлулығына ажар берген орамалы көпті сүйсінтті. Келбетімен үйлескен жаулық талай нәзік жандының қызығушылығын тудырды. Аяулым орамалды насихаттаудан жалықпайды. Мерекелерде өмірлік аксессуарды сыйлап, құрбыларының көңілін көтеріп қоятыны бар. Екі баланың анасы қазір орамал тағудың хас шебері. Гардеробында түрлі-түсті ұлттық брендтің сан түрі бар.
– Ақ жаулықты жақсы көремін. Сәндеп тағуды қыз-келіншектерден үйрендім. Қазір түрлендіріп қолдану хоббиіме айналды. Бұрынғыдай емес, орамал тағатын келіншектер көбейіп келеді. Әлеуметтік желілерде сәнді тағуды үйрететін парақшалар мен видеолардың көбеюі қуантады. Ежелгі шығыс, араб стилімен ұштастырып, заманауи үлгіде тағылатын түрлері көп. Қалауыңа қарай, үлгісін аласың. Біріншіден, жалаңбас жүргенше орамалмен жинақы көрінесіз. Екіншіден, орамал әрбір келіншек пен әйелдің ары мен сәні. Керек десеңіз, тартып жүруге міндетті киімі. Оны отбасылылық құндылықтың бір ұстыны деуге де болады, – дейді Аяулым.