Нәзік жандыларға пайдалы
Қазір орамал тағудың әдісі көп. Беті толықша келген қыздарға кез келген орамал жарасады. Көбіне қыздар реңіне, түсіне қарай таңдайды. Беті сопақ бойжеткендер шаштарын түйіп немесе шашының көлемін үлкейтіп тақса болады. Сосын кекіл түсіріп, тақса да жарасады.
«Орамал тағу жоғалды дегенге келіспеймін. Мұндай өмірлік аксессуар шаш үлгісін қажет етпейді. Салонға баратын уақытты үнемдейсіз. Кез келген киімге үйлестіріп таққан орамал сіздің ажарыңызды ашады. Ал, орта жастан асып, немере сүйіп отырған апаларымыз бен самайын ақ шалған әжелеріміздің жалаңбас жүргенін көргенде ыңғайсызданамын. Әйелдер қауымы ортаның ықпалымен кеткендей. Отбасылық құндылықты дәріптеу қажет емес пе? Шашын бұйралап, орамалсыз жүреді. Жас қыздарға шашты жайып жүру де сән. Десек те, жасымыс әйелдер үшін бұл үлгі ерсілеу дер едім,– дейді стилист Гүлмира Темірова, деп жазады «Шымкент келбеті».
«Әйел орамал тақпаса арын ұмытады, күйеуінің барын ұмытады, шашы тамаққа түседі, үйіне келген қонақтың назары түседі», – деген сөз бар. Шындығында әйел адамның жалаңбас жүруі көзге қораш көрінеді. Медицина саласы да өмірлік аксессуардың нәзік жандыларға пайдалы екенін айтады. Мамандардың мәлімдеуінше, әйелдер жерден қуат алады. Содан болса керек, әйелдің шашы ауадағы шаң-тозаңды жинайды. Ал ашық-шашық киім ағзада гормон жүйесінің бұзылуына әкеліп, жыныс мүшелеріндегі қатерлі ісік және өзге де ауруларға жол ашады.
Нәзік жандыларға пайдалы
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode