Басты құндылық болып табылады
Жақын жұптар арасындағы махаббат сезімі мен сыйластық , сенім сынды қатынастар басты құндылық болып табылады. Өкінішке орай , көптеген жұптардың некеге деген көзқарастары мен ол жайлы түсініктері және өз қалауларына қол жеткізу, бос қиял арқылы арадағы қатынасқа сызат түсіріп алады. Осы орайда, Шымкент қаласының тұрғыны, психолог Арай Бекбатырова өзіне жас жұбайлардың жиі жүгінетін айтады. Оларға отбасының басты құндылықтарын түйсіндіру басты ұстанымым дейді тәжірибелі психолог. Басылым беттері арқылы да жастарға айтары көп екен. «Ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген көңілінің толық болуы маңызды рөл атқарады, мұндай қажеттілік жетіспейтін жұптар ғана сырттан рахат іздейді екен. Уиллард Харлидің айтуынша, ер мен әйелге қатысты мына бес қажеттілік орындалар болса, онда олардың өзгеге көңіл аударуына мүлде жол жоқ. Сонымен, алдымен әйелдерге қатысты бес қажеттілікке тоқталсақ.
- Жайлылық, бауыр басу, махаббат.
Әйелдердің басым рөлі үшін ер азаматтың өзіне деген махаббаты мен көрсеткен қызметі сенімділікті, қамқорлықты, жайлылық пен өзін бағалайтынын білдіргені деп сенеді. Күйеу өз жартысына лебізін білдірген кезде: «Мен сенің бар жағдайыңды жасаймын және қорғаның боламын», «Мені сен тап болатын мәселелер алаңдатады, уайымдама, мен сенімен біргемін», «Менің ойымша, сен өз ісіңді жақсы менгересің, сенімен мақтанамын» деу керек. Ер адамдар нәзік жандылардың осындай қанаттандыруларға қаншалықты мұқтаж екендігін түсіну қажет. Жайлылық пен бауырмалдылықты және махабатты басқа да тәсілдермен білдіруге болады. Мәселен, сүю, гүл және ашық хаттар сыйлау, үйден тыс жерде түстенуге шақыру, серуендеу, көліктің есігін ашу, есіктен шыққанда қолын созып демеу, телефон қоңыраулары... Айта берсең таусылмайды. «Мен сені сүйем» деп айтуға түрлі тәсіл табуға болады. Әйелдің көзқарасы бойынша, жайлылық, бауыр басушылыққамқорлық, қорған болу және махаббат- ер азаматпен нығыз қарым-қатынас орнатудағы басты нәрсе.
- Әңгімелесу.
Кез келген бикеш жолдасымен әңгімелескенді және оның өзін таңдағанын ұнатады. Олар тіпті, жолдасы ойлағаннан да бетер мұқтаж сол әңгімеге. Отбасын құрмай тұрған кезде, ғашық жандардың бір-бірімен көп сөйлесетіні анық. Сол арқылы бір-біріне деген қызығушылығы мен махаббатын білдіреді. Сол себепті де, тағдырын неке арқылы бір арнаға тоғыстырған екі адам осыған дейінгі сезім мен көңілдің отбасылық өмірде де сақталатынына сенеді. Сондықтан да зайыбының ішкі сырын тыңдай білген азамат қашанда оның жүрегіне жол табады.
- Адалдық пен ашықтық.
Сүйгеніне сенім артқысы келмейтін сұлу жоқ. Арадағы көрінбейтін жіпті жалғап тұрған сенімділікті сезіну әйелдерге керекті басты қажеттіліктің бірі. Егер еркек жұбайына адал болмай, ашық түрде қарым-қатынас жасар болса, онда ол жарының сенімінен айырылады және үпілеген үмітін де өшіреді. Сенімді болу үшін әрине әйел күйеуіне сену керек, оның өзіне, қазіргісі, болашағы жайлы айтқан ақпаратының шындығына және болашақтағы жоспарларына сенуі қажет. Ал арада сенім болмаса, онда тамырын тереңге жайған қарым- қатынас орнатамын деп әуре болудың қажеті жоқ.
- Қаржылай қамтамасыздандыру.
Кез келген ару жақсы өмір сүруі үшін әжептеуір қаражатты қажет етеді. Ол қаржылай көмекке зәру. Тіпті, өрлеу жолындағы өз карьерасынан түскен табыстан бөлек, жолдасының да керемет ақша табатынын қалайды. Бұл сүйіктісінің өзіне деген қамқорлығын сезіну үшін керек.
- Отбасылық жағдай.
Отағасының балаларына үлгілі әке атанып, отбасының алдында атқаратын өз міндеті болғанын қаламайтын жар жоқ. Барлық ару күйеуге шыққанда бала сүйіп, керемет отбасын құруды армандайды. Әсіресе, отбасында күйеулері басқарушы рөлді атқарғанын қалайды. Ана болу, балаға тәрбие беру оңай емес. Осы жолда сыңарының өзіне қолдау көрсетіп, балаларының білімін шыңдауда, моральды тұрғыда көмек көрсетсе дейді».
Басты құндылық болып табылады
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode