Қылмыссыз балалық шақ

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Қылмыссыз балалық шақ

 

Бадамбаева Зилола Шымкент қаласындағы №124 ЖОББМ 5 - «В» сынып оқушысы. Ол өзінің жастар арасындағы қылмыстың алдын алу туралы ойларымен былайша бөлісіпті: «Біз, жастар,  еліміздің тәуелсіздігінің арқасында бақытты балалық шақты өткізудеміз. Біздің алаңсыз білім алуымызға, бақытты балалық шағымызға жағдай жасап отырған Елбасымызға алғыс айтамын. Мен осындай бейбітшілік орнаған елде туып-өскеніме ризамын.  Мен бүгін «Қылмыссыз балалық шақ» тақырыбын ашып беруді қаладым. Өйткені қазіргі кейбір балалардың жағымсыз әрекеттер жасап жатқаны мені ойға салады. Қазіргі заманда көріп жүрміз, қатігез ата-аналар, бақытсыз балалар. Ата-аналарының кесірінен көптеген балалар балалықтың бал дәмін тата алмай жүр. Зорлық-зомбылық көрген баланың келешегі не болмақ? Адамдар бала кезінде балалық шақтың бал дәмін татуы тиіс. Біздер қазір бақытты болып өсіп келеміз. Алдымызда не керек болса, сол тұр. Білімге керек нәрсені ізденбей жатып-ақ, компьютер, ұялы телефоннан табамыз. Ал өткен ғасырлардағы әже-аталарымыз тіпті оқи алмай, балалықтың бал дәмін тата алмады.  Сондықтан да менің достарыма айтарым, балалық шақтың бал дәмін сезінген бұл кездің ең бақытты шақ екенін ұмытпайық. Әр адам өз өмірінің бақытты болғанын арман етеді. Ол үшін алдына мақсат қойып, көптеген игілікті істерді жүзеге асыруға ұмтылады. Бақытты болу әркімнің өзіне байланысты. Өз өмірін аялап, барды қанағат тұтқан адамның құшағы бақытқа толы болады. Қасыңда жүрген адамдардың қуанышын, бақытын, жақсылығын өзінің табысындай көре білген адам бақытқа кенеледі. Әрбір атқан таң мен батқан күннен бақыт тілеген адам мұратына жетеді. Бәрінен де керемет кез ол біздің бақытты балалық. Мектебімізде жастардың қылмыстан аулақ болуы керектігі, қылмыс жазасының ауыр болатындығы туралы әрдайым ұстаздарымыз айтып отырады. Жақсыны үйретіп, жаманнан жирендіретін ұстаздарыма айтар алғысым шексіз».