Бақытты ету үшін барын жасайды

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Бақытты ету үшін барын жасайды  

 

Көпті көрген, көргені мен түйгені мол Ақжарқын Бекбауова көп жылдар бойы Шымкент қаласындағы орта мектепте ұстаздық еткен. Жастардың бойына бауырмалдықты, мейірімділікті, адамгершілікті дарытумен алғысқа бөленген жанның бүгінгі жас буынға айтары да мол. «Жастар ең алдымен отбасы құндылықтарына баса назар аударуы қажет. Көп жағдайда салмақ ақжаулықтыларға түседі. Жолдасының көңілінен шығу үшін барынша тырысуы керек. Сондай-ақ психологтардың мына бір кеңесіне де құлақ асқан жөн. «Егер ақ  жаулықтылар күйеулерінің жақсы қасиеттерін көріп және соған ерекше көңіл аударып, соған акцент жасаса, онда ол қабілет көбейіп, өсе бастайды. Тіптен, оған ешқандай негіз болмаса да дами түседі.  Егер ол жауапты болуы міндетті болмаса да-ол керісінше сондай  болады. Басшы болмауы керек болса-кенеттен бастық болып кетеді. Сол сияқты  ары қарай...  Егер зайыбы отағасын құрметтесе, онда оны достары мен әріптестері де қадірлей бастайды. Олар  оған қиын сәттерде көмектесіп, қолдау көрсететін болады. Егер жұбайы қосағына сенетін болса-онда оған өзгелерде сенім артатын болады. Егер отанасы жолдасынан ештеңе жасырмай, өтірік айтпай,  жүрегінің есігін ашса, онда ер адам да әйелін алдай алмайды және көзіне шөп салмайтын болады. Егер әйел  сүйіктісіне жүрегін ашып, махаббатын сыйлай білсе,  онда ол да  дарқан көңілді мәрт жігіт  болып кетеді.  Оның өзі сізді қуанту үшін, бір желеулер тауып, бақытты ету үшін барын жасайды. Егер отанасы жолдасына адал қызмет етсе-онда ер азамат та аса жоғары ілтипатпен қуана-қуана оны өз қорғанына ала бастайды. Оны аялап, қолдау көрсетіп, бәрінен қорғай түседі. Егер зайыбы жарының темпераментіне түсіністікпен қарап және  қанағаттандыруға тырысса-онда еркек ол үшін тауды қопаруға дайын тұрады. Ол үшін өзіңіздің стереотипіңізбен жолдасыңызды балағаттап, өзгелерге жамандағанша, жақсы қасиеттерін көруді үйреніңіз. Егер үйдің берекесін келтірер ана болса, онда ол бар күшін, сүйіспеншілігін осы отбасына салар еді. Осы сәтте жолдасының да жанұясына қарауға деген тілегі өздігінен оянып, құлшынысы артып, ол да бар махаббатын үйіне арнайтын еді. Сіздерге  жеткізгім келгені осы-ең маңыздылары. Егер күйеуіңізге көңіліңіз толмаса-онда себебін өзіңізден іздеңіз. Міне осы іске бар күшіңіз бен уақытыңызды арнаңыз. Егер жігіт болғанымда қандай болады екенмін?

-Мұны білгіңіз келетініне мен сенімдімін.

 –Олай болса,  күйеуіңізге қараңыз.  Яғни, сонда сіз де сол жолдасыңыздай болар едіңіз. Сізге әйелдік қабілет жетпегендей, оған да ерге тән қасиет  жеткіліксіз болып тұр.

Мысалы,  жолдасыңыз сыра ішеді. Онда сіздің басты қызметіңіз-мұны қабылдай білу. Егер қалауы келсе,  өзінің денсаулығын құртуға деген құқығы бар екенін сізге қабылдауға тура келеді. Және бұл оған деген қарым-қатынасыңыздың  эмоционалды құрғақшылығыңызды  көрсетеді. Оған  қолдау бен көтермелеу жеткіліксіз болуы  мүмкін.

Немесе ер адам еңбек еткісі келмейді. Жалқаулық танытып, ешбір іске құлқыны жоқ. Онда сіз шектен тыс өте көп жұмыс істейсіз және оны тыңдамайсыз. Онда оны әбден балағаттаудың қажеті не? Тәуіптерге көрсетудің де керегі жоқ. Одан да өзіңізді өзгертуге кірісіңіз.

Неліктен азаматтар диванда жатады? Өйткені, күйзелісте жүрген  келіншек оны соған итермелеп тұр.  Ол жанындағы барлығын жалмап бара жатқаннан соң, нақ сүйеріңіз диванды жамылғы ретінде жасырынып  қалуды мақсат етеді.

Егер жарыңыз балаларға қарасуға  көмектеспесе-онда оны сіз жақсы әке деп санайтын бе едіңіз, қадірлі әке ретінде балаларыңызды оны сүюге лайықты деп  есептейтін бе едіңіз? Осы жағын ойланып көріңізші? Немесе әрдайым қосағыңызға баланың бутылкасын жылытпай тамағын беріп қойдың, құйрығын жөнді сүртпедің деген секілді әртеуір нұқып сөйлеулер көп болатын бе еді?

Әке-шешемізді, балаларымызды,  аға-қарындастарымызды –оларды біз таңдай алмаймыз.  Сондықтан да оларды қабылдай білуді үйренуіміз керек. Бірақ ерлермен басқашалау, оны таңдау қиялың болады. Басқа жақсы азамат кездескенде дұрыс болар еді деген сезім әрдайым жібермей тұрады.

Бұл тек таңдауға деген мүмкіндік бардай көрінеді. Бірақ қосағыңызды  сізге Жаратушымыз  жібереді. Онда қалай біз кездесер едік. Қалай біз сонша жұрттың арасынан бір-бірімізді тауып алып, бірімізге-біріміз тартылдық.

Демек, сізге осындай жігіт жіберсе, онда сіз соған лайықты жан болғаныңыз. Ал, енді сол неге және неліктен деген сұраққа келсек, онда ойлану керек. Ал енді ары  қарай не істеу керек десеңіз-ол енді өзіңіздің таңдауыңыз!».