Жүрекжарды лебіздерін арнады

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Жүрекжарды лебіздерін арнады

Шымкент қаласы Ұлықбек атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебі қашықтан оқыту жүйесі барысында 1-11 сыныптар аралығында тәрбие сағаты өткізілуде. Тәрбие сағаттары «Бірлік пен келісім» тақырыбына арналды. Мұнда мектеп оқушылары онлайн режимде еліміздің бірлігі жайында өлеңдер оқып, ән айтты және барша ұлттардың татулығын ақ параққа салып қылқаламмен бейнеледі. Сондай-ақ, бірліктің тек мемлекетте ғана емес, отбасында болатындығын, яғни, отбасы құнылығы туралы да жүрекжарды лебіздерін арнады. Мемлекетіміздің келешегіне жарқын тілектерін жүрекжарды сөздерімен жеткізген оқушылардың бойында елге деген сүйіспеншілік, патриоттық рух сезіліп тұрды.