Керек кеңестері көп

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Керек кеңестері көп

 

Шымкенттік тәжірибелі психолог Гүлшара Бейсенова бүгінгі жас отау иелеріне жанұя жарасымы, отбасы құндылығын дәріптеу бағытында көптеген кеңестер береді. «Бір-біріңізді қадірлей біліңіздер! Отбасындағы пайдасыз  соғысқа қаншама күшті босқа жібергенше, шығармашылықпен айналысып, балалардың тәрбиесіне арнасаңыздар өздеріңізге тиімді болар еді. Дау-жанжалдардан қаншама энергияңызды жоғалтатыныңызды білсеңіз ғой. Ал егер де білетін болсаңыздар неге олай жасайсыздар? Неліктен? Күштеріңізді босқа кетірмеңіздер. Одан да сүюді, махаббат беруді үйреніңіздер.

Одан да ұрыс-керіске кетірген күштерді мынаған жұмсаған абзал:

-Өзіңіз бен жолдасыңыздың  денсаулығын ойлауға-мысалы, азанда тұрып жүгіріп, жаттығулар жасап немесе спортзалға барғаныңыз дұрыс шығар. Бір жанжалдың өзі   осы бір айлық  пайдалы іспен, соншама теңдесетінін білесіз бе? Демек, сіз бір ай жүріп,  спортзалда қимылдап қаншама күш жұмсағаныңыз, сол бір ұрыспен-ақ сол энергияңыз шамалас келеді деген сөз.

- Жақын  адамдарыңызға одан да сыйлық жасауды ойланып, іздеуге жұмсаңыз. Ең дұрысы,  ерлі-зайыптылар бір-біріне сый-сияпат жасауды оқып-тоқысын. Және де, тоқталатын жайт, сіздің ойыңызша оған ұнайды-ау деген емес, шын мәнінде оған қажет және соған шуақтана шаттанатын  затты іздеу қажет.

-Екеуіңіз бірге немесе балалармен серуендеңіздер.  Бірге серуендеу есіңізде болсын-қарым-қатынастың берік болуының ең мықты тәсілі.

-Отбасылық альбом көріңіздер-қаншама жыл бұрын қандай болғаныңызды, қалай танысқандарыңызды, қатынастарыңыз қалай дамығанын еске түсірсеңіздер болады.

-Ең игілікті іс-ота жасатуға қаншама балаларға қаражат қажет болып жатыр. Шамаңыз келсе, аз ғана қаржы болса да беріп, қайырымдылық жасаңыз. Ол бала мен оның ата-анасы сізге алғысын айтып, жақсы адамдардың бар екеніне және Жаратушымызға сеніп, жеткіншек өскеннен кейін жақсы білім алып, ол да мыңдаған жандарға көмектесетін болады. Сол кішкентай ғана әрекетіңізбен бүкіл әлемге жақсылық жасайтын едіңіз, ал сіз болсаңыз, бар уақытыңызды болмашы кикілжіңге арнап жүрсіз.

Бірінші кезде бәрі оңай болмайды. Өйткені, гүлдің өзі де жердің астында біраз уақыт қараңғы және дымқыл жерде отырады ғой.  Одан оған жер қыртысынан шығу үшін көптеген күш жұмсау қажет болады. Одан кейін күнге қарай ұзақ ұмтылу керек болады. Содан кейін ғана ол гүл болып ашылады, сосын ол бүкіл әлемге өзінің сұлулығын көрсететін болады.

Сол сияқты адамдарда да сондай. Сүюді үйрену үшін де  көптеген күш керек. Сол үшін де өзіңізге уақыт беріңіз. Содан соң, бір уақыттарда бар жігеріңізді жиып, жайлылық  ортасына шығыңыз. Және де Жаратушымыз күн сәулесімен бірге риясыз берген махаббатты ішіңізге үйіп төгіңіз. Сосын осы сүйіспеншілікпен  жан-дүниеңіз толысқан кезде, жүрегіңізді жақындарыңызға аша біліңіз.

Өзіңіздің жаңағы керемет гүлдей, махаббатқа толы жүрегіңізді жолдасыңызға да аша көріңіз.

Жарларыңызды сүйе біліңіздер! Олар сіздердің махаббаттарыңызға өте зәру. Тіптен, олар мұны мойындамауы да мүмкін.

Әрбір ұлы адамдардың артында әрқашанда сенетін сүйіктілері  бар. Оларды шын мәнінде де келіншектері өте қатты жақсы көреді.  Оған сенуіңізге болады».