Ұлтымыздың ұлы ұрпағы игі істі жалғастырады
Бұл – уақытша дүрбелең. Осы дағдарыстан абыроймен өтуіміз керек! Енгізілген шектеулерге әр азамат жауапкершілікпен қарауы тиіс. Әр адам барынша сақтанып, вирустың таралмауына атсалысуы қажет. Еліміздің барлық азаматтары өкілетті органдардың қызметіне қолғабыс көрсетеді деп сенемін. Осындай кезде бәріміз сабыр сақтап, тәртіпке бағынуымыз керек» деген сөздерінен кейін Шымкенттегі мектептің ата-аналар комитетінің, жергілікті көше төрайымы Мендекеева Клара Абилханқызы - мектеп мөлтек ауданына қарасты барлық үйлердің тізімін қайта бекітіп, мұқтаж жандарға көрсетілер нақты көмектер ұйымдастыру керек деп шешті. Қазақ халқы ежелден жомарттығымен танылған. Ұлтымыздың ұлы ұрпағы отбасылық құндылықтардың тінін жалғап ата дәстүрді жалғастырып, мұқтаж отбасыларының балаларын қорғап, қолдаса деймін. Жақсылардың шарапаты өмірдің өзін әдемі көрсететін ізгіліктің анық көрінісі, адамның асыл қасиеті екенін ескере отырып, атқа мінген азаматтардың, оның ішінде кісінің, жеке тұлғаның айналасындағы адамдарға танылатын тамаша қыры да қаншалықты қайырымды екендігін байқады. Адам ұрпағына қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылғандықтары барлық азаматтардың бойынан көрініс тапты. Осыншама атқарылған жұмыстардың артында қайырымды азаматтардың тұрғаны белгілі, барлығы халықтың игілігі үшін жасалып жатқан іс болғандықтан есімдерін жарияламауымызды өтінді.
Ұлтымыздың ұлы ұрпағы игі істі жалғастырады
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode