Әдістемелік көмек көрсетті
Шымкент қалалық білім басқармасы әдістемелік орталығының әдіскерлері мен мектеп қауымдастықтары қашықтықтан оқытудағы мәселелердің шешу жолдарын ұсынуда белсенділік танытуда. Бұл педагогтер үшін оқытуды ұйымдастырудағы икемділікті және қысқа уақытта тиімді педагогикалық шешімдерді қабылдауды талап етіп отыр. Осы орайда әдістемелік орталықтың "Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру" бөлімінің мектепалды даярлық топ әдіскері К.Исмайлова мектепалды даярлық топ мұғалімдерімен тығыз байланыста әдістемелік көмек көрсетіп, бағыт-бағдар беріп отыр. Мұғалімдер балалармен өткізген оқу қызметтерінің бейне роликтерін ортаға салып өзара тәжірибе алмасуда. N52, 78, 33, 51, 62, 49, 7, 59, 77, 75, 106, 107 мектептерінің мектепалды даярлық тобының ұстаздары белсенділік танытып шеберліктерін көрсетті. Балалармен жүргізген оқу қызметтері ауқымы кең тақырыптарды қамтыған. Оның ішінде қосымша білім беру, отбасы құндылығы, ата-анаға деген қамқорлық сынды бейнероликтерді үздік деп атауға болады. Жалпы мұғалімдердің Оқу қызмет үлгілері www.orleu.kz Республикалық "Өрлеу" порталында онлайн форматта жарияланып, мұғалімдер сертификаттар алды.
Әдістемелік көмек көрсетті
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode