Жұмыстарын оң деп бағалауға болады
Жыл сайын Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы» халықаралық отбасы күніне орай түрлі іс-шаралар ұйымдастырып келеді. Орталықта жас жұптарға отбасы құндылығын сақтауға бағыттайтын орнайы психологиялық бөлім бар. Орталық қазіргі күннен бастап биылғы «Отбасы күнін» тойлауға жоспарлар түзіп отыр. Аталған мерекенің басты ұстанымы - жаңадан отау құрған жас отбасыларға отбасылық құндылықтарды дәріптеу, өскелең ұрпақты инабаттылыққа, татулыққа, сыйластыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Осы басты ұстанымды жастар арасында насихаттау жүзеге асырылуда. Жас отбасылардың жанұя бірлігін сақтап, ата-ана алдындағы қарызын өтеуге, үлгілі отбасының оң имиджін насихаттауға баулу басты ұстын болып тұр. Шымкент қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының бұл тарапта атқарып отырған жұмыстарын оң деп бағалауға болады.
Жұмыстарын оң деп бағалауға болады
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode