Жасөспірімдер тәрбиесі – басты назарда

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Жасөспірімдер тәрбиесі – басты назарда

Құқықбұзушылық қәмелет жасқа толмаған жастар арасында да орын алып жатады. Тәртібі қиын балаларды жергілікті жерлердегі ювеналды полиция тобының инспекторлары қатаң бақылауға алып отыр. Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу мен болдырмау күн тәртібінен түскен емес. Инспекторлар есепте тұратын қолайсыз отбасылардың үйлеріне барып бақылау жұмыстарын жүргізіп тұрады. Нәтижесінде Шымкент қаласындағы кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс саны өткен жылға қарағанда азайып отыр. Инспекторлар соңғы  уақытта жасөсіпірдер арасында көбінесе бөтеннің мүлкін ұрлау қылмысы орын алатынын айтуда. Бір біріне әлімжеттік көрсету тоқтаған. Бұлда болса, әрдайым ұйымдастырылатын кездесулер мен тәрбиелік маңызы жоғары басқосулардың, қоғам болып атқарған тынымсыз еңбектің жемісі болса керек. Өсіп келе жатқан жас ұрпақты Қазақстан Республикасының заңдарын құрметтеу рухында тәрбиелеу және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу ювеналды полиция қызметінің басым міндеттерінің бірі болып табылады. Жиындарда құқықбұзушылықтың алдын алу, тәртіпті де тәрбиелі болу, әлеуметтік желіні дұрыс пайдалану, түнгі уақытта беймезгіл жүрмеу секілді қағидалар туралы айтып, көптеген кеңестер беріледі. Болашақта «полиция қызметкері боламын» деген жастарды анықтап, мамандықтың маңызын түсіндіреміз – дейді инспекторлар. Сонымен қатар, «Балалар түнгі қалада», «Жасөспірім», «Қауіпсіз мектеп» секілді жедел-профилактикалық іс шаралар мен «Жасөспірім – Заң – Қауіпсіздік», «Мен және менің полицейім» секілді акциялар ұйымдастырылатын бұрын. Қазіргі жағдайға байланысты бұл жұмыстар әзірге тоқтап тұр. Дегенмен алдағы уақытта жалғасын табатын болады.

Қайрат Зайнишев