Профилактикалық әңгіме жүргізеді

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Профилактикалық әңгіме жүргізеді

 

Кәмелетке толмағандардың құқықтық мәдениеті мен құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Еңбекші аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері  №24, 30, 31, 34, 36, 37, 39, 41, 44 және 126 мектерінің кіші, орта және жоғары сынып оқушыларымен бірқатар профилактикалық сабақтар өткізіп тұрады. Қазіргі жағдайға байланысты аталған жұмыстар уақытша тоқтап тұр. Алдыңғы атқарылған жұмыстар барысында Полиция қызметкерлері орта және жоғары сынып оқушыларымен алкогольдік ішімдіктер мен есірткі заттарын қолданудың зияны туралы профилактикалық әңгіме жүргізеді. Сондай-ақ, оқушыларға есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстар, кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың жауапкершіліктері туралы молынан мәлімет беріледі. Тәртіп сақшылары кіші буын өкілдерінің қауіпсіздігіне қамқорлық жасап, осы бағыттағы кең ауқымды науқанды жалғастыратын болады.