Құқықбұзушылық деректері орын алмаған
Шымкент қаласына қарасты №69 жалпы орта білім беретін мектебінде "Қылмыссыз жарқын болашақ" атты айлық іс-шара негізінде "Өзге діннен аулақ бол!" тақырыбында ондайн кездесу өткізілді. Тиісті сала мамандары оқушыларға өзге дін туралы ақпарат беріп, ой бөлісті. Мектеп инспекторы Сержан Жолдасов оқушыларға жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатында ұдайы әңгіме жүргізіп тұрады. Соның арқасында бүгінде мектепте ешқандай құқықбұзушылық деректері орын алмаған. Әрі осындай алдын алу жұмыстарының ұдайы жүргізілуінен ондай оқиғалар орын алмайды деген сенім мол.
Құқықбұзушылық деректері орын алмаған
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode