Үгіт насихат жұмыстарының арқасында

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Үгіт насихат жұмыстарының арқасында

 

Шымкент қаласында қазіргі таңда 264 281 жас бар. Оның ішінде 117 593-і  ер адам  яғни, 48,7 пайыз болса, қалған 123 840-і  әйел яғни, 51,3 пайызды құрайды. Қала бойынша жастардың жалпы қала халқына шаққандағы үлесі 26 пайыз болып отыр. Жастардың білім алуы, тұрақты жұмыспен қамтылуы, кәсіпке баулу, отбасы мәселелері бағыттарында нақты іс-шаралар атқарылып келеді. Оның ішінде жастар арасындағы қылмыстың алдын алуға бағытталған іс шаралар легі де бар. Алдын ала жүргізілген үгіт насихат жұмыстарының арқасында жастар арасындағы қылмыс саны азайып келеді. Жастардың қоғамның бір кірпіші болып қалануы үшін орталықта мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау, түсіндіру жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Екі қолға бір күрек таппай жүрген жұмыссыз жастарға қолдау көрсету және өз кәсібін ашуға мүмкіндік беретін «Жас кәсіпкер», «Бастау бизнес», қысқа мерзімді кәсіптік оқыту жобалары түсіндіріліп, кеңес берілуде.